Димаш Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері кинофестивалінің қазылар алқасы құрамына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
27 қаңтарда Ұлттық орындаушылық өнер орталығының Джамшед Бхабхи театрында кинофестивальдің ашылуы өтті. Димаш Құдайберген қазылар алқасының құрамында салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы dimashnews.com хабарлады.