el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home СПОРТ

Өңірлік мерзімдік басылымдардың алғашқы форумы

29 января, 2023
in СПОРТ
0
Өңірлік мерзімдік басылымдардың алғашқы форумы
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Астана қаласында өңірлік басылымдардың алғашқы форумы өтуде. Бұл басқосуға еліміздің әр өңірінен 200-ден астам делегат келіп қатысты. Форумға қатысушылардың қатарында өңірлік басылым басшылары, бас редакторлар, журналистер, редакция қызметкерлері бар. Форум аясында түрлі сессиялар, мастер-класстар, тағылымды талқылар ұйымдастыру көзделген. Нақты айтар болсақ, өңірлік БАҚ-ты дамыту, журналистің ықпалы мен мәртебесі, газеттегі жарнама және монетизация әдістері, конвергенттік журналистика, газет тарату және жеткізу, баспа БАҚ-та балалар контентін қалыптастыру секілді 7 панельдік сессияда маңызды мәселелер талқыланады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Журналистер өз еліне және азаматтарына шынайы жанашыр болуға тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары бекер «төртінші билік» атанбаса керек. Сол себепті сіздер жұрттың санасы мен сезіміне ықпал ету мәселесіне мұқият қарағандарыңыз жөн», – деген еді.

Газет таралымның азайып, басылымдардың жабылуы Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемді мазалап отырған өзекті мәселе. Мәселен, 2005 жылдан бері АҚШ-та 2 500-ден астам газет, ал Ұлыбританияда 265 газет жабылған. Көршілес Ресейде соңғы он жылдықта газеттер мен журналдардың саны 40% төмендеген.

Алдыңғы жаңалық

Мадридте қазақ әдебиеті мен мәдениет орталығы ашылады

Келесі жаңалық

Атырауда мектеп мұғалімінен А гепатиті анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі