el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ ТҮЛКІБАС ТӨРІНДЕ

28 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ ТҮЛКІБАС ТӨРІНДЕ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібаста «Түркістан таланттары» жобасы аясында өңірдегі шығармашыл жастармен кездесу кеші өтті. Кештің шымылдығын Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ербол Орманов, аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова ашып берді. Ербол Керімбекұлы қара сөздің қадіріне жетіп, жан сырын әдемі, көркем өлеңдермен оқырмандарына жеткізе білетін қаламгерлерге шығармашылық шабыт пен жетістік тілеп, аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың арнайы Алғыс хатын табыс етті. Көптің көңілінен шыққан тартымды жобаны Түркістан облысы әкімдігі мен Облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалы және облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болды. Сырлы сөз бен сазды әуен біріккен кеште Мейірхан Топанбай, Ақбота Бейбітбек, Арайлым Мұраталиева, Сезім Мергенбай сынды қаламгерлер туындыларын оқып, көрермендерге ерекше сезім сыйлады. Бар жұмысын ысырып, ерекше кештің көрермені болуға асыққан аудан тұрғындары ақындарға ықыласын білдіріп, зор қошеметін көрсетті.
Ұйымдастырушылар бұл жоба әлі де өзге аудандарда жалғасын табатынын және дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұратынын айтты.

Алдыңғы жаңалық

"ҰЛТТЫҚ ҚОР БАЛАЛАРҒА" ЖОБАСЫ- ҰТЫМДЫ БОЛМАҚ

Келесі жаңалық

КӨЛІГІҢІЗ ГАЗБЕН ЖҮРСЕ, МІНДЕТТІСІЗ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі