el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ALMATY HOSTEL»-ДЕГІ ӨРТТЕН 13 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

30 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
«ALMATY HOSTEL»-ДЕГІ ӨРТТЕН 13 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін таңертең өрт болған жатақханада шетелдіктер тұрған. Қайтыс болған 13 адамның сегізі — Пәкістан азаматтары, деп хабарлайды El-aina.kz сайтының тілшісі Bugin.kz сайтына сілтеме жасап.

Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаевтың айтуынша, жатақханада тұратындар негізінен студенттер мен жалдамалы жұмысшылар. Сондай-ақ Үндістан мен Пәкістан азаматтары тұрған.

«Қазір олардың жеке басын анықтауда. Біздің білуімізше, бұл жастар, студенттер немесе жұмысшылар. Біз эвакуацияланғандардың арасында Үндістан мен Пәкістан азаматтары, медицина университетінің студенттері болғанын көрдік»

Белгілі болғандай, қаза тапқан 13 адамның ішінен он адам анықталды: Қазақстанның сегіз азаматы, бір ресейлік (Республика Саха) және бір Өзбекстан азаматы. Тағы үшеуінің жеке басы анықталып жатыр.

Өрттің алдын — ала себебі — матрастың өртенуі. Адамдар ұйықтап жатып, көміртегі тотығынан қайтыс болған. Денелерінде күйік іздері жоқ.

Өрт туралы хабарлама Алматы ТЖД 05:33-те келіп түсті. Жатақхананың 72 тұрғынының 59-ы өрт сөндірушілер келгенге дейін өздігінен эвакуацияланды.

Алматыда ТЖ Министрі Сырым Шәріпханов бірінші рейспен ұшады, деп хабарлады Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.

Алдыңғы жаңалық

АЛМАТЫДА НӘРЕСТЕ САУДАЛАҒАНДАР ҚЫЛМЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ЕЛІМІЗДЕГІ МЕКТЕПТЕРДІҢ АС МӘЗІРІНЕ 50ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ ЕНГІЗІЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі