el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home СПОРТ

ҚАЗАҚСТАН ХОККЕЙ ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

12 декабря, 2023
in СПОРТ
0
ҚАЗАҚСТАН ХОККЕЙ ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатындағы екінші ойынын Даниямен өткізді. Бұл туралы El-aina.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы 10-16 желтоқсан аралығында IA дивизионында Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Аустрия құрамаларымен сарапқа салып жатыр.
Бүгінгі кездесуде екі құрама бір-бірінің қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Нәтижесінде 15-минутта даниялық Оскар Фискер Молгаард мергендік танытса, 44-минутта Бейбарыс Оразов таразы басын теңестірді.
Ал даниялық Альберт Шиолдан 46-минутта қайтадан өз құрамасын алға шығарса, қазақстандық Кирилл Ляпуновтың 48-минутта соққан голынан кейін қайтадан таразы басы теңесті.
Қазақстандық Руслан Оспанов 56-минутта жеңіс шайбасын соқты.
Осылайша Қазақстан жастары \қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.
Енді олар 13 желтоқсанда Франциямен ойнайды.
Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионаты бірінші дивизионында алты мәрте ойнады. Төртеуінде жеңімпаз атанып, элиталық дивизионға жолдама алған еді.
Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионда сегіз мәрте бақ сынады. Жоғары жетістігі – 1999 жылы алтыншы орын.

Алдыңғы жаңалық

АЯЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЙ ӨҢІРЛЕРДЕ САБАҚ ТОҚТАТЫЛДЫ?

Келесі жаңалық

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА 15 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛҒАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі