el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛДА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

16 января, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛДА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жаңа жыл аудан орталығынан шалғай орналасқан Абай ауылының тұрғындары үшін жан жадыратар жағымды жаңалықпен басталды, деп хабарлайды El-aina.kz сайтының тілшісі.
Бұрын тау қойнауының бауырына қоныс тепкен бұл елді мекенде періштелер мекені болып табылатын – балабақша мүлде болмаған екен. Бұл жағдай әрине, жұмыстан қолдары босамайтын ата-аналарға кішкентайларын қайда қалдырарын білместен едәуір қиындық туғызып жүретін. Енді міне, ақ түйенің қарны жарылып, 100 орындық «Қанткүл әже» атты (құрылтайшысы Дулат Құлжабаев) заманауи балабақша пайдалануға беріліп, есігін сәбилерге айқара ашты. Негізінен Абай, Пістелі ауылдарының балаларына арналған балабақшада барлық жағдайлар қарастырылған.
Өткен сенбіде аталмыш жаңа балабақшаның салтанатты ашылу рәсіміне «Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы Қ. Еркебаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Е. Қадырбек, Түлкібас ауданының Құрметті азаматы, зейнеткер Қ.Ахметов қатысып, ауыл тұрғындарының қуаныштарын бірге бөліссе, айтыскер ақын Тұрысбек Аспандиярұлы жырдан шашу шашты. Осылайша Абай ауылында қуаныштың көбесі сөгіліп, жағымды жаңалық орын алды.

Алдыңғы жаңалық

ЖҰМЫСШЫ ПОЙЫЗ АСТЫНА ТҮСІП,ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Келесі жаңалық

"ҚОЛЖЕТІМДІ ИНТЕРНЕТ" ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі