el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ НАУБАЙХАНАДА ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ

19 января, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ НАУБАЙХАНАДА  ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс қаласындағы наубайханада газ баллоны жарылып, екі қызметкер күйік шалып ауруханаға түсті. Олардың бірі ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды El-aina.kz сайтының тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, өрт салдарынан бір шатыр астында орналасқан техникалық қызмет көрсету орталығы, наубайхана және дүкеннің 200 шаршы метр шатыры жанған. Наубайхана ішінде өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін 1 дана 50 литр газ/пропан жарылған. Салдарынан 1984 және 1988 жылы туған екі адам денесін күйік шалып, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар наубайханадан 2 дана 50 литр және 2 дана 25 литр пропан газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. «Өрт басына жеткен сәттегі жағдай – наубайханадағы 50 литрлік газ баллоны жарылу салдарынан жанында жапсарлас орналасқан ғимараттардың шатыры жанған. Ғимараттың жалпы көлемі 285 шаршы метр, соның шінде жанғаны — 200 шаршы метр. Өртке көмекке 3 өрт сөндіру көлігі шақыртылды. Өрт 14:51 толығымен сөндірілді», — деп хабарлады Арыс қаласындағы №7 ӨСБ бастығы, азаматтық қорғау майоры Бекмырза Өсербек. Басылым мәліметінше, жарақат алғандардың екеуі де Өзбекстан азаматы. 17 қаңтарда болған оқиғадан зардап шеккен ер адам жансақтау бөлімінде жатса, әйел адам алған жарақатынан бүгін көз жұмды. «Газ баллоны жарылған кезде зардап шеккен өзбекстандық екі азамат ауруханаға жатқызылды. Қабылдау кезінде екеуінің де жағдайы ауыр болды, олар қатты күйік алған. Бүгін сағат 13:00-де 1984 жылы туған әйел қайтыс болды. Оның денесінің 92 пайызын күйік шалған еді», — деді Арыс аудандық орталық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Талғат Тәжиметов

Алдыңғы жаңалық

ҚАЗАҚСТАН МЕН ИТАЛИЯ АРАСЫНДА ҚАНДАЙ КЕЛІСІМДЕР БОЛДЫ

Келесі жаңалық

АЛМАТЫЛЫҚ МАЛШЫ ӨЗ ДОСТАРЫНЫҢ АЯУСЫЗ СОҚҚЫСЫНАН КЕЙІН ҚАЗА ТАПТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі