el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

БЕЙНЕУ: ЖАППАЙ УЛАНҒАН ЖАҒДАЙ БАСТЫ НАЗАРДА

26 февраля, 2024
in Денсаулық
0
БЕЙНЕУ: ЖАППАЙ УЛАНҒАН ЖАҒДАЙ БАСТЫ НАЗАРДА
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бейнеу ауданында 19 ақпан күні қоғамдық тамақтану орталығында ас ішкен 36 адам уланып, 28 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды El-aina.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
8 адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық ем тағайындалған.
Дәрігерлер айтуынша, ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.
Уланғандар «Али-Ман» атты дәмханада тамақтанғаны белгілі болды. 22 ақпаннан бастап мекеменің қызметі уақытша тоқтатылды.
Науқастарды облыс орталығына тасымалдау үшін тиісті көрсеткіш жоқ. Облыстың бас инфекционист-дәрігерімен телемедицина арқылы консилиум ұйымдастырылып, тиісті ем-дом тағайындалды. Бейнеу аудандық көпсалалы ауруханасы дәрі-дәрмектердің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген және тағы 20 төсек орын дайындалады. Амбулаториялық ем алатын науқастарға қажетті бактерияға қарсы және симптоматикалық ем тағайындалды, дәрігерлердің жіті бақылауында. Эпидемиялық шаралар жалғасып жатыр. Ақпарат сағат сайын жаңартылып отырады, — деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Жаппай тамақтан улану фактісі бойынша Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тергеу жүргізуде.

Алдыңғы жаңалық

САРЫАҒАШ: МЕШІТТЕГІ КІЛЕМДЕРДІ ҰРЛАҒАН КЕЛІНШЕК ҰСТАЛДЫ

Келесі жаңалық

Елді мекендерді газдандыру деңгейі 2030 жылы 65 пайызға жеткізілмек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі