Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айының басталуымен Қазақстан халқын құттықтады, деп хабарлайды El-aina.kz сайтының тілшісі.
Президент қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша екенін атап өтті.
«Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл.
Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін», — деп атап өтті президент.