el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БӨГЕН СУ ҚОЙМАСЫНДА ҚАУІП ЖОҚ

11 марта, 2024
in Жаңалықтар
0
БӨГЕН СУ ҚОЙМАСЫНДА ҚАУІП ЖОҚ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі таңда «Бөген» су қоймасында төтенше жағдайдың орын алу қауіпі төніп тұрған жоқ. 2021-2022 жылдары төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобаға мемлекеттік сараптамасының қорытындысын ағымдағы жылдың маусым айында алу жоспарлануда.
Сонымен қатар су қойманың беріктігін арттыру мақсатында 2022 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта қоймадағы су авариялық жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті құралдармен қамтамасыз етілген.
Су қойманың пайдалу ережесі 1967 жылы «Союзгипрорис» институтының жобасы бойынша әзірленіп, пайдалануға берілген. 2017 жылы «Қазсушаржоба» РМК ОҚФ «Оңтүстіксушаржоба» ӨБ арқылы жаңартылды.
Қазіргі уақытта Бөген су қоймасының пайдалану режимі әзірленіп, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясына келісуге жіберілді.
10 наурыздағы жағдай бойынша Бөген су қоймасында 349,1 млн.м3 су жиналып, өткен жылмен салыстырғанда 14 млн.м3-қа (2023 ж. 363,1 млн.м3) кем. Қазіргі таңда, су қоймаға 45,6 м3/сек су келіп, 15 м3/сек су босатылуда.
Бекітілген кестеге сәйкес, жыл сайын наурыз айынан бастап шаруаларға көктемгі егіс жұмыстарына ағын су жеткізіледі.
Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы сыйымдылығы 370 млн.м3 құрайтын «Бөген» су қоймасы 1967 жылы пайдалануға берілген. Жалпы суармалы жер көлемі 67 мың гектар. Құйылмалы және ескі арналы сулар мен «Бөген» және «Арыс» өзендерінен толтырылады.

Алдыңғы жаңалық

Шымкент тұрғыны мемлекетке 443 млн теңге шығын келтірген

Келесі жаңалық

ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАРЫ ТЕКСЕРІЛУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі