el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: ШАҒЫН АУЫЛДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

11 марта, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: ШАҒЫН АУЫЛДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
0
SHARES
38
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

АҚ БИІК АУЫЛЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
Бауыржан есімді азамат Ақ биік ауылының тұрғыны. Балық шаруашылығына бала күннен қызығып, осы кәсіптің нәсібін көруді мақсат тұтыпты. Сөйтіп, 2023 жылдың қыркүйек айында Алматы облысы Есік қаласындағы балық мектебінде 10 күндік білімін жетілдіреді. Бұл саланың қыр-сырын меңгеріп, жаңа кәсіптің негізгі көздерін анықтайды. Алдына мақсат, жұмысына жоспар құрған жас кәсіпкер алған білімі мен жинаған тәжірибесіне сүйеніп, Түлкібас ауданына қарасты Ақ биік ауылына келіп, арнайы жер телімін сатып алады. Жерді балық шаруашылығына ыңғайластырып, жобасын жасақтайды. Желтоқсан айында құрылыстың жұмысы аяқталғанымен, қыстың қаһары кәсіпкердің қолын байлайды. Сөйтіп, балықты арнайы орынға жіберу жұмысы наурыз айының басына тура келеді. Шағын ауылдағы тамаша бастаманың ашылуына аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуат Еркебаев, Ақ биік ауылдық округінің әкімі Алимжан Мусралиев және ел ағалары арнайы келді. Жас кәсіпкердің жобасына жылы лебіздерін білдіріп, батасын берді.
-Балық шаруашылығына ыңғайластырылған жер теліміндегі құрылыс жұмыстары желтоқсан айында аяқталған болатын. Бірақ, қыс қатты болып, жұмысымызды бастай алмадық. Сәті бүгінге тұспа тұс келіп, мынау жасанды көлшіктерге балық шашудамыз. Дәл бүгін 10 мың фарель балығын жібердік. Фарель балығы нәзік әрі ерекше балықтардың бірі. Судың салқындығы -10 градусты талап етеді. Алда мемлекеттік қолдаулардың шарапатын көріп, кәсібімізді кеңейткім келеді,- дейді жас кәсіпкер.

Алдыңғы жаңалық

ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАРЫ ТЕКСЕРІЛУДЕ

Келесі жаңалық

ЖЕТІСАЙДАҒЫ ЖАНЖАЛ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі