el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІНІ ҚАҒЫП КЕТТІ

12 марта, 2024
in Жаңалықтар
0
ЖАЯУ ЖҮРГІНШІНІ ҚАҒЫП КЕТТІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Семейде жаяу жүргінші қағып, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды El-aina.kz сайтының тілшісі EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Абай облыстық ПД мәліметінше, Қаржаубайұлы көшесіндегі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде 31 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті.

Ол әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері көлік корпусының сынықтарын тауып, сол арқылы қашып кеткен автомашинаны анықтады. Ол облыс орталығының 20 жастағы тұрғынына тиесілі Toyota Estima болып шықты.

Жаяу жүргіншіні қағып кету бойынша тергеу полиция департаментінің ерекше бақылауында. Жүргізуші жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткені үшін жауапқа тартылды. Автокөлік сол күні арнайы автотұраққа орналастырылды, — деп атап өтті Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан.

Дене жарақатын алу фактісі бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіледі. Бұл факт ерекше бақылауға алынды.

Алдыңғы жаңалық

ЖЕТІСАЙДАҒЫ ЖАНЖАЛ

Келесі жаңалық

ШАХТАДА ТАҒЫ ДА ЖЫРЫЛЫС

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі