el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: Мектеп мерейін өсірген — ҰСТАЗ

14 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: Мектеп мерейін өсірген  — ҰСТАЗ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Пушкин атындағы АТМЛ-де спорттың түрлі бағыттарында шынығып, шымыр болуға асыққан жеткіншектер жетерлік. Олардың спорт саласында шынығуына, дене жаттығулары мен түрлі сайыстарда бой көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінуіне ең әуелі ұстаздарының ерен еңбегі әсер етері сөзсіз.
Осы тұста әріптесім Елубек Нұрбақыт Омарханұлын зор мақтанышпен атап өткім келеді. Жұмысқа 2019 жылы орналасып, жас маман болып балалармен етене тіл табысты. Ұстаздық қатқыл мінезі спортқа деген ерекше махабаты оны ұжымда қадірлі әрі мәртебелі етті десем де болады. Оқушылар Нұрбақыт Омарханұлына үлкен ілтипаттылық танытып, әрбір сабағын асыға күтіп, облыстық, аудандық жарыстарда бой көрсетуге асығып тұратынын жасырмайды. Ол жас маманның тәжірибелі, білімді әрі ісіне деген шексіз махабатының зор екендігінің дәлелі болса керек. Қазіргі таңда әріптесім баскетболдан қыздар командасының жетекшісі болып жүр. «Біз нашақорлыққа қарсымыз» деген ұранмен баскетболдан 9-11 сынып қыздар арасында өткен ашық біріншілігінде І орын алып, мектебіміздің мерейін асырған еді. Күн сайын балаларды жеңіске жетелеу жолында дайындық жасап, олардың бос уақытын тиімді пайдалануды көздейді. Мақсаты айқын, жоспары көп ұстаз деуге болады. Әмбебап спортшы атанған Нұрбақыт Омарханұлының әкесі де спорт саласынан алыс емес. Әкесі Омархан аудандық «Жас талап» спорт мектебінде балаларды спортқа баулу бойынша жұмыс істейді. Осы тұста «Әке көрген оқ жанар» деген қазақы сөз еске түседі.
Әке жолын қуып, саулық кепілі спортты жанына серік етіп, балаларды жақсы бағытқа жетелеген ұстаздың еңбегі елене берсін дегім келеді. Ауданның атын шығарып, мектебіміздің намысын қорғап, түрлі чемпионаттарда шәкірттері жеңіс туын желбіретіп оралады деген сенімдеміз. Өйткені білікті ұстазға артылар сенім де жауапкершілік жүгі де салмақты болары сөзсіз.

Алдыңғы жаңалық

ТҮЛКІБАСТЫҚ ЖАС КӘСІПКЕР КІР САБЫН ШЫҒАРУДА

Келесі жаңалық

МӘДЕНИЕТ ҮЙІ – ӨНЕР МЕН ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі