el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: ЖАБАҒЫЛЫ АУЫЛДЫҚ МОДЕЛЬДІ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚОРЫ ЖАҢАРДЫ

15 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: ЖАБАҒЫЛЫ АУЫЛДЫҚ МОДЕЛЬДІ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚОРЫ ЖАҢАРДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жабағылы ауылдық модельді кітапханасының кірпіші 1985 жылы қаланған. 2016 жылы модельді ауылдық кітапхана мәртебесіне ие болды. Қазіргі таңда 5611 тұрғыны бар ауылға сапалы қызмет көрсетіп, тұрғындардың рухани баюына мүмкіндік беруде. Меңгерушісі Зоя Сейітбекованың бастамасымен кітапхана қоры жыл сайын жаңарып, материалдық-техникалық базасы түрленіп келеді. Өзге аймақтағы кітапханалармен салыстырғанда мұндағы танымдық көрнеліктер мен әдістемелік база әлдеқайда жақсы деңгейде жасақталған. Көрер көзге қуаныш, кітапқұмар жандарға шабыт сыйлай білетін бұл дүниелер меңгерушісінің жеке қаражаттарымен және демеуші азаматтардың қолдауымен іске асқан. Иянақтылық, тазалық һәм әдемілік ұштасқан бұл кітапхана көптеген облыстық, республикалық және аудандық кітап көрмелеі мен түрлі бағыттағы семинарлар өткен. Жабағылы ауылына ат басын бұрған қайсібір ғалым, ақын, жазушы сынды кітап құмар азаматтар мұндай шығармашылық жаңаруға оң бағасын беріп, өз ризашылықтарын жеткізген. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігімен де тығыз жұмыс жасайтын кітапхана ұжымы «Ертегілер сыр сандығы» бұрышын, «Туған жер тұнған тарих» атты Ақсу-Жабағылы қорығының тарихы жазылған сөрені де жасақтаған. Бұл қорықты тамашалауға келген туристерге таптырмайтын ілім білім болады деп сенеміз. «Азаматын қарап, ауылын таны» деген қазақ бұл сөзді текке айтаса керек. Өйткені, Жабағылы жұртшылығы өздерінің ынтымақтылығымен, бірлігімен, сыйластығымен өзгелерді сүйсінтеді. Олар қайбір бастаманы бастасада ағалары бата беріп, кішілері ілтипаттылық танытып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» қазақы тектілікті көрсетеді. Олар Жабағылы ауылдық модельді кітапханасының шаңырағына да жиі қонақ болып, рухани дамып, түрлі іс-шаралардың куәгері болады. Жоғын құрап, барына қуанатында осы ауыл азаматтары. Республикалық «Кітап сыйла» күніне қарсы ауыл азаматы Есалиев Жарқынбек Әлжанұлы кітап қорына орыс классиктері мен қазақ әдебиетіндегі жазушылардың кітаптарын қосып, қорды жаңартты. Енді ауыл балалары түрлі бағыттағы кітаптарды оқып, жан-жақты білім деңгейін көтеруге мүмкіндік алды. Бұл дәстүр ауыл азаматтары үшін дәстүрге айналған. Кітап сыйлау, кітапхана қорын ұлғайту олар үшін ауылдың білімін көтеру, жастардың болашағына берген сүбелі үлес болып саналады. Мұндай қолдауға лайық, һәм үлгі деп бағалауға сөзсіз келетін шаралар өзге өңірлер мен ауылдарда да жалғасса игі.

Алдыңғы жаңалық

МӘДЕНИЕТ ҮЙІ – ӨНЕР МЕН ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІ

Келесі жаңалық

Отбасы күні құтты болсын!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі