14 мамыр — «Қазақ өлеңінің Құлагері» атанған Ілияс Жансүгіровтің туған күні. Осы датаға орай О. Кошевой атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін білім мекемесінде Тастұмсық ауылдық кітапханасы мен Олег Кошевой атындағы шағын жалпы білім беретін білім мекемесінің ұйымдастыруымен Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Даңқы ғасырларға аңыз болған» атты ғылыми-танымдық конференция болып өтті.
Конференцияға Түркістан облысындағы іргелі екі университеттің оқытушылары, аудандық Жастар ресурстық орталығы, Түлкібас аудандық «Шамшырақ» газетінің тілшілері, аудандық қоғамдық келісім ММК мамандары, Жыланды ауылының ауыл биі мен көпшілік оқырмандар қатысты.
Конференцияда Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Ғылым және иновациялық жұмыстар жөніндегі проректоры, география ғылымдарының кандидаты, доцент Мамадияров Марат «Ілияс Жансүгіровтың сүбелі елеусіз қалған еңбектері», Мұнай және құрылыс өндірістері» кафедрасының зертхана меңгерушісі, аға оқытушы, «Ұлы дала патриоты» төс белгісінің иегері, ақын- сазгер, әнші Рысбеков Марат «Қалдырған соңына жарқын із немесе І. Жансүгіровтың шығармашылығын жаңаша зерттеу» тақырыбында көлемді ғылыми баяндамаларын таныстырып, ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, еңбектерін зерттеудегі соңғы жаңалықтарды ортаға салды.
Шымкент университетінің магистранттары Асылбекова Назира «Поэзия шыңындағы ұлы есім», Дүйсен Перизат «Күй» және «күйші» поэмаларындағы көркемдеуші құралдар», Гүлзира Әшірбай «Құлагер» поэмасындағы адамдардың психологиясы» тақырыптары бойынша ғылыми баяндамалар жасап, оқырмандарға І.Жансүгіров әлемі» тақырыбындағы слайдтарымен таныстырды.
Әрі жас оқырмандарымыз поэзия дүлдүлі туралы көп ақпарат ізденіп, баяндама жасады. Лермонтов ЖОМ 10 сынып оқушылары Теңгебаева Нұрай мен Базарбек Балжан «Оқуға үндеген бәйтерек», «Күйші» поэмасындағы адамдар таным-түсінігі жайлы бірер сөз», Олег Кошевой атындағы ШЖББМ -нің 10 -11 сынып оқушылары Абитаева Гулсанем мен Укибаева Жансая «Құлагер» поэмасында суреттелген тарихи оқиғалар», » Ілияс Жансүгіров шығармашылығындағы туған жер суреттері» атты баяндамаларын таныстырып, ғылым иелерінен жоғары баға алды.
Оқырмандар ақынның бірнеше өлеңін жатқа оқып, Ағжа Ағалы мен қадірменді қонағымыз Марат Тұрсыналыұлы жүрекжарды арнау өлеңі мен «Ақын аға» атты әнін шырқап берді.
Ағжа «Замана заңғары -Ілияс» атты арнау өлеңін оқып, кітапханашылар «Замана заңғары» атты кітап көрмесін жасап, библиографиялық шолу жасады.
Ақсудан түлеген арда ақын Ілияс Жансүгіровке арналған ғылыми-танымдық конференцияның жоғары деңгейде өтуіне ықпал еткен Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры, айтулы ғалым — Рабиға Қуатбековаға зор алғысымызды айтамыз.