Банан қабығы бананның өзіндей болмаса да көп қажетке жарайтын пайдалы жақтары көп. Сол себепті, оны қоқысқа тастамас бұрын нендей мақсатта пайдалануға болатынын біліп алыңыз.
1. Аяқ киіміңізді банан қабығымен ысқылап, артынан құрғақ шүберекпен сүртіп тастасаңыз, аяқ киіміңіз ине-жіптен енді шыққандай жалтырап шыға келеді.
2. Банан қабығы терісі құрғақ және секпілі бар адамдарға да пайдалы. Күніне екі рет банан қабығымен сүртіп отырса, нәтижесі көп күттірмейді.
3. Банан қабығын жеміс көшетін отырған кезде пайдалануға болады. Көшет отырғызылатын топыраққа тастаңыз
4. Банан қабығынан әдетте қышқыл әрі ашшы болып келетін сірке суынан дәмі өзгешеленіп тұратын, яғни, тәтті сірке суын алуға болады. Оны салатқа қосуға болады және су мен шайдың хош иісін арттыру үшін пайдалануға болады.
5. Етті қуырған кезде оған банан қабығын араластырса, етіңіз жұмсақ әрі дәмі тіл үйіретін тағам болып шығады.
6. Тісті ағарту үшін банан қабығының ішкі жағымен тісті сықылау керек.
7. Маса немесе бүрге шаққан жеріңіз қатты қышып қоймаса, банан қабығымен ысқыласаңыз, қояды.
8. Тікен кірге жерге банан қабығын қойсаңыз, тікен терінің үстіңгі жағына қарай тартылады, артынан суырып тастайсыз.
9. Киімнің жауы болып табылатын күйеден құтылғыңыз келсе, банан қабығын қойсаңыз, жеткілікті, өйткені, банан қабығы күйені өзіне тартып алады.
10. Бетіңізде көркіңізге көлеңке түсіретін безеу, бөртпе пайда болса, банан қабығымен сүртіңіз, алайда, онымен артынан бетіңізді тұтас сүртіп жүрмеңіз, нәтижесі көп күттірмейді.