el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Саясат

ІШКІ ЖОЛДАРДЫҢ ҚАНАҒАТТЫ ЖАҒДАЙЫ 88 ПАЙЫЗДАН АСАДЫ

20 августа, 2024
in Саясат
0
ІШКІ ЖОЛДАРДЫҢ ҚАНАҒАТТЫ ЖАҒДАЙЫ  88 ПАЙЫЗДАН АСАДЫ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ағымдағы жылы аудан аумағындағы 11 елді мекеннің 36,8 шақырымды құрайтын 27 көшесіне «Ауыл Ел-бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Осы жұмыстардың нәтижесінде аудан аумағындағы ішкі жолдардың қанағатты жағдайы 88 пайыздан аспақ.
Бұл туралы аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында аудандық ТҮКШЖК және АЖ(ЖКХ) бөлімінің басшысы Мұстафа Телғараев мәлімдеді.
Сонымен қатар, жауапты бөлім басшысы бүгінгі таңға аудандық бюджет есебінен 3 елді мекеннің 4,5 шақырым құрайтын 4 көшесіне тас төсеп, тегістеу жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді.
Бұдан бөлек лездемелік жиында, аудандық бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту, индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы және ауыл-аймақтың тазалық мәселесі қаралды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселе қаралып болған соң, басқосуды қорытындылаған аудан басшысы аудандық бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту арқылы ғана аудан аумағындағы инфрақұрылым мәселесін шешуге қажетті қаржының артуына қол жеткізуге болатындығына тоқталып, осы ретте жауапты бөлімдер мен ауыл әкімдеріне өздеріне бекітілген аумақтарда заңсыз жұмысын жүргізіп жатқан яғни, салық базасына тіркелмеген кәсіпкерлік нысандарды тіркеу жұмыстарын жандандаруды тапсырды.
Сонымен қатар, жауаптыларға аудан аумағында іске асып жатқан барлық құрылыс жұмыстарының сапасын қадағалауға комиссия мүшелігіне сол ауылдың жанашыр белсенділерін міндетті түрде қосу керектігін ескертті.
Тазалық жұмыстары ешқашан күн тәртібінен түспейтіндігін жеткізіп, бұл бағытта да барынша жұмысты күшейту керектігін атап өтті.
2024 жылы аудан аумағында атқарылатын
жолды орташа жөндеу жұмыстары:
1. Қараағашты (Әл-Фараби), 2. Ақбиік(Бірлік), 3.Жабағылы (Көрікті, Батылдық, Жартыбаев, Талдыбұлақ, Желтоқсан, Молдағұлова), 4.Елтай(Кенжетаев), 5. Кемербастау(К.Лес, Балтабаев), 6. Жәрімбетов (Ахментай), 7. Керейт (Асылбекұлы, Мырзатай, Еркінбек, Тұрманұлы), 8. Мақталы(Тәуелсіздік, Мұратбаев, Байбосынұлы), 9. Таусағыз(Ақжол, Мелдебеков, Сағыныш, Жандосов, Бәйшешек), 10. Рысқұл (Болашақ), 11. Т.Рысқұлов(Садықов, Бекбосынов).

Алдыңғы жаңалық

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Келесі жаңалық

Заманауи мұғалімнің келбеті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі