el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

“Бақытты отбасы” бойынша өтінімдер қабылдау 20 маусымда басталады

2 июня, 2022
in Uncategorized
0
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

20 маусымнан бастап қабылданатын болады.
Шымкент қаласында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау ағымдағы жылдың 20 маусымнан бастап қабылданады, деп хабарлайды saraptimes.kz. Аталған жеңілдетілген несиелік ипотекалық бағдарламаға тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасы (ажырасқан уақыты 3 жылдан кем болмауы тиіс) санаттарындағы азаматтар қатыса алады. Бақытты отбсына өтінімдер www.otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталы арқылы онлайн қабылданатын болады. Лимиттерді бөлу барысында басымдық — мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілмек. Бағдарламаға шарттары: — Несие мөлшерлемесі жылдық 2%; — Бастапқы жарна — 10%. Ипотекалық несие 20 жылға рәсімделеді. Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы берген мәліметке сүйенсек, үшінші мегаполисте бағдарлама басталған жылы 292 отбасы баспанамен қамтылды. Оның ішінде көп балалы – 113, толық емес отбасылар – 134, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар – 45. Ал 2020 жылы Шымкент қаласы бойынша несиелік тұрғын үйлер «Бақытты отбасы 2-10-20» бағыты аясында 292 отбасы жеңілдетілген несиелік пәтермен қамтылған. Сонымен қатар, 2021 жылғы өңірлерге берілген лимит көлеміне сәйкес – 589 отбасы несие негізінде тұрғын үймен қамту жоспарланып (көпбалалы отбасылар – 255, мүгедек бала асыраушы отбасылар – 285, толық емес отбасылар – 49), бүгінгі таңға, 363 отбасы (көпбалалы отбасылар – 173, мүгедек бала асыраушы отбасылар – 160, толық емес отбасылар – 30) несие негізінде тұрғын жаймен қамтылған. Айта кетейік, Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы берген мәліметке сәйкес, биылғы 2022 жылға «Нұрлы жер» бағдарламасының «2-10-20 Бақытты отбасы» бағыты бойынша Шымкент қаласына 449 отбасыны баспанамен қамтамасыз етуге 4,4 млрд. теңге көлемінде лимит бөлінген. Аталған бағыт бойынша өтінім тапсыру 20 маусымнан бастап, «Отбасы банк» АҚ –ның интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады.

Алдыңғы жаңалық

Шымкенттік мергендер әлем кубогының қола жүлдегерлері атанды

Келесі жаңалық

Тапсырма орындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі