АИТВ – адам үшін ең қауіпті вирустың бірі. Оның басты қызметі – денемізді инфекциядан қорғайтын иммундық жүйені құрту. Инфекция жұққан соң бірнеше аптадан кейін аурудың белгілері байқалады. Температура көтеріліп, лимфа түйіндері ұлғаяды, тамақ ауруы, теріде қызыл дақтар, диарея пайда болады. Осылайша түсініксіз ауру денемізге тез енеді. Бірнеше жыл бойы вирус адам денесінде бар жоғы білінбей өмір сүреді. Бірақ осы аралықта иммундық жүйені бұзады.
АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС-тің айырмашылығы неде?
ЖИТС – жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы, АИТВ – инфекциясының дамуының соңғы және ең ауыр кезеңі. АИТВ бірнеше жылдар бойы адамның иммундық жүйесіне әсер етіп, иммунитет тапшылығына әкеледі. Иммундық жүйе жұмысына зиянын тигізеді. Бұл кез келген инфекция, вирус пен ауру жолында ешқандай “қарсылыққа” тап болмайтынын және дененің олармен күресуге қабілетсіз екенін білдіреді. Сол себепті адам аурушаң болып келеді. ЖИТС-пен ауыратын адам көп ауруды жұқтырады, нәтижесінде қайтыс болады
ЖИТС-тің емі бар ма?
АИТВ жұқтырып, емделмеген адамның орташа өмір сүру ұзақтығы 5-10 жыл. АИТВ мен ЖИТС-ке қарсы “ғажайып” вакцина әлі табылмаса да, бұл бағыттағы қарқынды және сәтті зерттеулер жүріп жатыр. Қазірдің өзінде вирустың дамуын тоқтататын, аурудың өршуін тежейтін және АИТВ-инфекциясының ЖИТС сатысына өтуіне жол бермейтін дәрілер бар. Ең бастысы инфекция анықталса, емделуді ертерек бастау керек.
АИТВ- ны таратушылар кімдер?
Қоғамда АИТВ- ны таратушылар қауіпті өмір салтын ұстанатын адамдар деген пікір бар. Олар: инъекциялық есірткі тұтынушылар, азғындықпен айналысатын адамдар, жыныстық қатынасқа кез келген адаммен түсетіндер. Соңғы жылдары ЖИТС індетін жұқтырған әйелдердің саны тез өсіп келеді. Нәтижесінде АИТВ жұқтырған балалардың саны артқан. Демек, анасы ауырса бала да ауырады. Сол себепті босанбай тұрып тексеруден өткен жөн.
АИТВ инфекциясы қалай жұғады?
АИТВ жұқтырған адамда вирустың концентрациясы қанда, лимфада, шәуетте, қынаптық секрецияда және емшек сүтінде болады.
жыныстық қатынас кезінде;
АИТВ жұқтырған адам пайдаланатын шприцті (ине, ерітінді) пайдаланған кезде;
ластанған қанды құю арқылы;
Егер анасы вирустың тасымалдаушысы болса, босану кезінде;
баланы емізу кезінде анасы баласына жұқтыруы мүмкін;
Көз жасында, сілекейде, терде, зәрде, құсықта және мұрыннан су аққанда АИТВ өте төмен концентрацияда болады, инфекцияға жеткіліксіз. Сол себепті ол қауіпсіз, дегенмен, сақтық шараларын ұстанған жөн.
АИТВ қандай жағдайда жұқпайды?
қол алысу және дене арқылы жанасу кезінде;
сүйген кезде;
бір ыдысты пайдаланған кезде;
жөтелгенде немесе түшкіргенде;
төсек-орын немесе басқа жеке заттар арқылы;
қоғамдық дәретхананы пайдалану кезінде;
жәндіктердің шағуы арқылы:
АИТВ инфекциясынан қалай сақтанамыз?
АИТВ індетінің кебеюіне қарамастан, инфекцияның алдын алуға болады. Алдын алу ережелері қарапайым, бірақ сенімді. Өзіңізді аурудан толық қорғау үшін төмендегі ережелерді ұстансаңыз жеткілікті:
жыныстық қатынас кезінде қорғану;
стерильді медициналық құралдарды қолдану.
біреу пайдаланған инфекциялық құралды пайдаланбау.
Неліктен адам өзінде АИТВ бар-жоғын ертерек білуі керек?
АИТВ-инфекциясынан кейінгі мазасыздықты жою үшін;
Жақындарыңызға жұқтырмау үшін
Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға, вирустық гепатитке, туберкулезге және басқа ауруларды жұқтырмау үшін;
Аурудың дамуын тоқтату және ЖИТС-тің дамуын болдырмау үшін арнайы препараттарды уақытында қолдануды бастау үшін;
АИТВ-инфекциясын ерте анықтау емдеуді уақытылы бастауға және емделушінің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. АИТВ өте қауіпті, БІРАҚ одан қорғануға және емделуге болады!