Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн акциясы» шеңберінде дөнгелек үстел өтті деп хабарлайды El-aina.kz сайтының тілшісі Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басқосуға Түркістан облысы Полиция Департаменті жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы полиция полковнигі Тореханов Асылхан Сейдыханұлы, Түркістан облысы Полиция Департаменті жергілікті полиция қызметі Басқармасының әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау бөлінісінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Қалабаева Жанар Балтабайқызы, Түлкібас АПБ ЖПҚБ бастығы полиция майоры Амиров Бауыржан Нұрымжанұлы және білім беру мекемелерінің психологтары, аналар кеңесінің төрайымы мен мүшелері, жастар, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов жүргізді.
Ағымдағы жылдың 10 ай қорытындысымен облыс аумағында зорлық-зомбылыққа қатысты 44 қылмыс тіркелген. Оның 28 фактісі әйел азаматтарына, қалған 16 жәйт ер азаматтарға қатысты болып отыр.
Еркін форматта өткен басқосуда мамандар мен қоғамдық ұйым мүшелері өзекті мәселе аясында жан-жақты талқылаулар жүргізіп, өз ойларымен бөлісті.
ПЫ/СЫ: Егерде Сіз немесе Сіздің жақын таныстарыңыз отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болса, отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі «111 Аманат» байланыс орталығына хабарласып көмек ала алатындарыңызды естеріңізге саламыз. Байланыс орталығы тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді.