el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТАЛДЫҚОРҒАНДА АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ 14 ЖАСТАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДІ ЗОРЛАДЫ ДЕП КҮДІККЕ ІЛІНДІ

8 декабря, 2023
in Жаңалықтар
0
ТАЛДЫҚОРҒАНДА АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ 14 ЖАСТАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДІ ЗОРЛАДЫ ДЕП КҮДІККЕ ІЛІНДІ
0
SHARES
22
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Талдықорғанда 25 жастағы бапкер 14 жастағы жасөспірімге зорлық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы El-aina.kz тілшісі Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция Жетісу облысының жауынгерлік самбодан аға жаттықтырушысы, жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкері Қадыр Тенбаевты 14 жастағы жасөспірімге сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген айыппен ұстады.
Жетісу облыстық полициясы:
«Баб бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабы «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады .
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті баланың жаттықтырушысы болған. Істің тергеу барысы облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында.
Orda.kz Талдықорғандағы «Ай Сер» қонақ үйінде түсірілген видео жариялады. Видеода спорттық костюм киген азамат холдан асықпай түсіп келе жатады. Кадр сыртында сөйлеп тұрған әйел оған қонақ үйдің мейрамханасына өтуді бұйырады. Сосын Әсет деген жігітті көмекке шақырады.
Әйел ер адамға: «Бұл бала туысыңыз емес, не үшін мейрамханаға кірдіңіз?» деп сұрайды. Әйел оқушының ол адамды танымайтынын айтады. Ал ер адам жаттықтырушысы екенін айтады. Сосын әйел 102-ге хабарласып, полиция шақырғанын жеткізеді.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам оның алдында 14 жастағы жасөспіріммен қонақ үйдің бір номеріне кірген. Еден жуушылар шыңғырған дауысты естіп, қонақ үйдің әкімшісіне хабар берген. Сосын ол полиция шақырған.

Алдыңғы жаңалық

42 ГРАДУСҚА ДЕЙІН АЯЗ КҮТІЛУДЕ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТҚА" ЛАЙЫҚТЫЛАР ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі