Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 12-1 тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ деп хабарлайды El-aina.kz тілшісі.
Көп жылғы жемісті қызметі, ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқаны үшін «Түлкібас ауданының Құрметті азаматы» атағы төмендегі азаматтарға берілсін:
Байбосынов Тілектес
Медицина саласының зейнеткері. 1947 жылы 27 шілдесінде ОҚО, Түлкібас ауданы, Балықты ауылы, Абай учаскесінде дүниеге келген. Састөбе кентінің тұрғыны. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1979 жылы Састөбе поселкелік ауруханасына терапевт қызметінен бастаған. Арада екі жыл өткен соң, білімді де білікті маман осы аурухананың бас дәрігері болып қызмет атқарған. Састөбе ауруханасында 23 жыл үздіксіз қызмет етті. Аудандық мәслихаттың екі рет депутаты болған. Бірнеше мәрте алғыс хаттармен марапатталған.
Ибраймов Әуесбек
Білім саласының зейнеткері. 1933 жылы 29 қыркүйегінде ОҚО, Түлкібас ауданы Алғабас колхозында дүниеге келген. Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1955 жылы Түлкібас ауданында Абай атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастаған. 1958-1994 жылдары Түлкібас стансасында 18 жыл қызмет етіп, содан соң Кемербастау, Жабағылы мектептерінде мектеп директоры қызметтерін атқарған. Содан зейнеткерлікке шықты. 1958-1993 жыл аралығында поселкелік, ауылдық кеңеске депутат болды және 1964-1994 жылдары ауылда парторг болып қызмет атқарған. Оқу Министрлігінің Мақтау қағазымен наградталған. Совет Одағының Теміржол Министрі Бещевтің мақтау қағазымен, В.И. Лениннің 100 жылдық медалімен, Комсомолдың Орталық партия комитетінің, Қазақстанның, облыстың, ауданның мақтау қағаздарымен, ауыспалы Қызыл туымен, Қазақ ССР оқу-ағарту жұмысының үздігі медалімен марапатталған.
Құдайбергенов Жақсыбек
Білім саласының зейнеткері. 1944 жылы 1 маусымында ОҚО, Түлкібас, Мақталы ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1970 жылы А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастаған. 1975-2007 жылдары А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, директоры қызметтерін атқарған. Облыстық, республикалық дәрежедегі медальдарымен марапатталған.
Мамыров Самет
Спорт саласының зейнеткері. 1958 жылы 15 қазанында ОҚО, Түлкібас ауданы, Мичурин ауылында дүниеге келген. Майтөбе ауылының тұрғыны. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1995 жылы Түлкібас ауданы, Майтөбе ауылында Ю.Гагарин атындағы ЖОМ мұғалімі болып бастаған. 2002-2021 жылдары аудандық және Майтөбе ауылдық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметтерін атқарған. «ҚР Тәуелсіздігіне – 20 жыл», «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Б.Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалімен, бірнеше рет алғыс хаттарымен марапатталған.
Манабаев Сабырбек
Ауылшаруашылық саласының зейнеткері. 1947 жылы 3 маусымында ОҚО, Түлкібас ауданы, Қарабастау ауылында дүниеге келген. Шақпақ баба ауылының тұрғыны. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1960 жылы Түлкібас ауданы, Шақпақ ауылындағы «Путь Ильича» колхозында колхозшы болып бастаған. 1967-1966 жылдары аталған колхоздың шопаны болып жұмыстар атқарған. 1977,1984,1987,1990 жылдары Шақпақ селолық советінің депутаты болған. 1981 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен, 1982 жылы ІІІ-дәрежелі Еңбек Даңқы орденімен, Құрмет грамоталарымен, дипломдарымен, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекелік медалімен және алғыс хаттарымен марапатталған.
Тәшенов Есенбек Юсупович
Орта арнаулы білім саласының зейнеткері. 1944 жылы 6 шілдесінде ОҚО, Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылында дүниеге келген. Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1961 жылы Түлкібас ауданындағы Алғабас колхозының колхозшысы болып бастаған. 1970-1972 жылдары Арыс-Түркістан каналы Бөген су қоймасы басқармасының жоспарлау бөлімінің басшысы, 1972-2007 жылдары «Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің оқытушысы, директордың орынбасары болып қызметтер атқарған. Бірнеше рет облыстық мәслихаттың, облыстық мекемелердің және аудандық мәслихаттың алғыс хаттарымен марапатталған.
Бердиев Сәбит
Тау-кен өндірісінің зейнеткері. 1936 жылы 25 желтоқсанында ОҚО, Түлкібас ауданы, Қожамберді ауылында дүниеге келген. Түлкібас кентінің тұрғыны. Білімі жоғары. Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы, Шемонайха елді мекенінде тау-кен өндірісінде бастаған. 1958-1961 жылдары Оңтүстік өңірінде де тау-кен өнеркәсібінде Иірсу кен орынын зерттеу экспедициясында, 1961-1964 жылдары Түлкібас әк зауытында жұмыс атқарған. 1964-1967 жылдары Семей қаласындағы құм-тас өндіретін карьердің бас инженері, басшысы, 1967 жылы елге оралып, Түлкібас әк зауытына бас инженер болып тағайындалды. Мамандығы бойынша Үкімет жолдамасымен шартарапта қызмет атқарып, мол тәжірибе жинақтап, жаңа қызметінде көптеген игі істерге жаңа бастамаларға мұрындық болды. Әк зауытының жанынан жаңа карьер ашуға, зауыттың жаңа ғимаратын салуда сіңірген еңбегі орасан. Еліміздің тау-кен өндірісіне сіңірген елеулі еңбегін ескеріп, өз саласы тарапынан көптеген алғыс хаттармен марапатталған. 1991 жылы зейнеткерлікке шықты.
Керімқұлов Әбілдабек
Білім саласының зейнеткері. 1940 жылы 1 қыркүйегінде ОҚО, Түлкібас ауданы, Антоновка ауылында дүниеге келген. Кершетас ауылының тұрғыны. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1964 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Комитерн атындағы мектебінің мұғалімі болып бастаған.1965-1967 жылдары Түлкібас ауданы, Антоновка мектебінің мұғалімі, 1967-1970 жылдары ОҚО, «Түлкібас» ет-сүт совхоз комсомол ұйымының хатшысы, 1970-1975 жылдары Түлкібас аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы,1975-1976 жылдары Түлкібас аудандық кәсіподақ кеңесінің төрағасы, 1976-1986 жылдары «Красная звезда», Жамбыл колхозында партия ұйымының хатшысы, басшысы, 1986-1987 жылдары Састөбе цемент зауытының қосалқы шаруашылық бригадирі, 1987-2008 жылдары Макаренко мектебінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 1984-1986 жылдары Машат ауылдық советінің депутаты. Бірнеше рет «Еңбек ардагері» медалі, Құрмет грамотасымен және мақтау қағаздарымен марапатталған.
[10:01, 08.12.2023] Аяжан: Тау-кен өндірісінің зейнеткері. 1936 жылы 25 желтоқсанында ОҚО, Түлкібас ауданы, Қожамберді ауылында дүниеге келген. Түлкібас кентінің тұрғыны. Білімі жоғары. Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы, Шемонайха елді мекенінде тау-кен өндірісінде бастаған. 1958-1961 жылдары Оңтүстік өңірінде де тау-кен өнеркәсібінде Иірсу кен орынын зерттеу экспедициясында, 1961-1964 жылдары Түлкібас әк зауытында жұмыс атқарған. 1964-1967 жылдары Семей қаласындағы құм-тас өндіретін карьердің бас инженері, басшысы, 1967 жылы елге оралып, Түлкібас әк зауытына бас инженер болып тағайындалды. Мамандығы бойынша Үкімет жолдамасымен шартарапта қызмет атқарып, мол тәжірибе жинақтап, жаңа қызметінде көптеген игі істерге жаңа бастамаларға мұрындық болды. Әк зауытының жанынан жаңа карьер ашуға, зауыттың жаңа ғимаратын салуда сіңірген еңбегі орасан. Еліміздің тау-кен өндірісіне сіңірген елеулі еңбегін ескеріп, өз саласы тарапынан көптеген алғыс хаттармен марапатталған. 1991 жылы зейнеткерлікке шықты.
Күленов Тұрарбек
Қаржы саласының зейнеткері. 1937 жылы 24 тамызында ОҚО, Түлкібас ауданы, Пістелі ауылында дүниеге келген. Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1957 жылы Жезқазған қаласындағы «Петро» шахтасында жұмысшы, бөлім бастығы болып бастаған. 1958-1968 жылдары Кентау қаласындағы «Ачполиметалл комбинат» Ащысай руднигінің кең мастері, 1968-1981 жылдары Түлкібас аудандық атқару комитетінің нұсқаушысы, Ванновка ауылдық советі атқару комитеті төрағасының орынбасары, Түлкібас аудандық жоспарлау комитетінің төрағасы, 1981-1986 жылдары Түлкібас аудандық статистика басқармасының бастығы, 1986-1994 жылдары колхоздың бас экономисі, бас есепшісі, 1994-2008 жылдары ауылшаруашылық басқармасының жоспарлау бөлімінің басшысы, бас экономисі, аудан әкімшілігі-экономикалық анализ және жоспарлау комитетінің төрағасы, аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының тексерушісі болып қызмет атқарған. Бірнеше рет аудан, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаттарымен марапатталған.
Оңғарбеков Қуанышбек
Құрылыс саласының зейнеткері. 1949 жылы 1 қарашасында ОҚО, Түлкібас ауданы, Шақпақ баба ауылында дүниеге келген. Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1973 жылы Шымкент қаласындағы «Союзгипрорис» институтының жобалаушы инженері болып бастаған. 1974-1999 жылдары ПМК-2 және «Ауыл құрылысы» мекемесінде прораб, бас инженер және басшылық қызметтерін атқарған. 2000-2012 жылдары Түлкібас өндірістік учаскесі «Казселезащита» мекемесінде және Түлкібас учаскесі «ҚазТрансГаз-Аймақ» мекемесінің учаске басшысы қызметтерін атқарған. Облыс, аудан әкімдерінің, облыстық мәслихаттың, облыстық мекемелердің және аудандық мәслихаттың алғыс хаттарымен марапатталған.