el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СЕНАТОР 90 ЖЫЛДАН АСА ТАРИХЫ БАР БАСЫЛЫМНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

4 января, 2024
in Жаңалықтар, Саясат
0
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

❗ҚР Парламент Сенатаның депутаты Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Түлкібас ауданына іс-сапары барысында 93 жылдық тарихы бар аудандық басылым «Шамшырақ» аудандық қоғамдық — саяси газетіне табан тіреп, редакцияның ішкі жұмыстарымен танысты. Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов пен Дархан Қуандықұлы басылымның 90 жылдық мерекесі қарсаңында бой көтерген тарихқа толы ескерткіш тақтамен танысты. Содан кейін газеттің жылнама баспа беттерімен танысып, журналистермен кездесті. Аптасына 1 рет, түрлі тақырыпта шығатын басылымның бүгінгі тіршілігі жайында газеттің бас редакторы М.Қалтаев баяндады. Бас редактор соңғы уақытта газет жанынан жас журналистерге арналған «Жасын» клубы мен ақын –жазушыларға арналған «Шабыт» әдеби бірлестігі табысты жұмыс жасап жатқандығын тілге тиек етті.

❗Сапар барысында редакция жанындағы полиграфия жұмысы таныстырылып, ондағы өндірілген өнімдер көрсетілді.
Сенатор Д.Қыдырәлі еліміздегі аудандық басылымдардың жағдайы, баспасөзге жазылу жайында сөз етті.
Аудан әкімі Н.Ізтілеуовтың бастамасымен 93 жылдық тарихы бар газеттің аты аудан орталығындағы көшеге беріліп, арнайы ашылу салтанаты өткендігі де қуана баяндалды.

❗Сенатор редакция жұмысына табыс тілеп, өз ризашылығын жеткізді.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТАҒЫ ШАЛҒАЙ АУЫЛДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Келесі жаңалық

АСПЕРИННІҢ 10 ҚОРАБЫН ІШКЕН АНА ӨМІРДЕН ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі