el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АСПЕРИННІҢ 10 ҚОРАБЫН ІШКЕН АНА ӨМІРДЕН ӨТТІ

5 января, 2024
in Жаңалықтар
0
АСПЕРИННІҢ 10 ҚОРАБЫН ІШКЕН АНА ӨМІРДЕН ӨТТІ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысында 35 жастағы 4 баланың анасы әкіммен кездесуден кейін өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарады. Балжан Өзбекованы 28 желтоқсан күні құрбысы жергілікті ауруханаға жеткізген. Бұл туралы El-aina.kz тілшісі Bugin.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақсу аудандық ауруханасында әйел біреуінде 10 данасы бар аспириннен 10 қорабын жегенін айтқан. Бір күн өткеннен кейін ол қайтыс болып кетті.
Әйел төрт баланы дүниеге әкеліп, бағып отырған. Кенжесі емізіулі еді. Ал балалардың әкесі Алматыда құрылысшы болып жұмыс істеген. Қаралы хабардан кейін үйіне қайтты.
Балжанның құрбысы Эльмира Құсманова марқұм жайлы жылы естеліктерімен бөлісіп, құрбысының өте ақкөңіл болғанын айтуда. Балжан өмірде еңбекқор, өзі сияқты көпбалалы аналарға қолдан келгенше көмек беруге дайын тұратын дейді.
«28 желтоқсан күні кешкі 17:00 шамасында маған қоңырау шалып, жылап тұрып Ақсу ауданы әкімімен кездесіп шыққанын айтты. Оны әкім әкімдіктен қуып салыпты. Ол ашуға булыққаны сонша дірілдеп тұрып, айта алғаны мамандармен күресіп шаршағанын, арызқойлар мен шенеуніктерден шаршағанын айтты. Дәрі ішіп алғанын, мұндай ауыр өмірден шаршағанын айтты. Мен бірден үйіме шақырдым»,-дейді Эльмира Құсманова.
Ал марқұмның енесі болса әкім келінін құтқарудың орнына үйлеріне полиция жіберіп, берекелерін қашырды деп отыр.
Марқұмның енесі Назгүл Әлімбек:
«Әкім оның дәрі ішіп алғанын білетін еді, егер оны тыңдағанда. Оның орнына келінімді кабинетінен қуып, үйімізге полиция жіберген. Полицейлер үйге келіп, келінімнің әкімді балағаттап, ар-*намысына тигенін айтты. Балжанның үйде жоғын білгеннен кейін, кетіп қалды.»,-дейді.
Ал Ақсу ауданы әкімі Берік Тынышбаев Балжанның өліміне қатысы жоғын айтып ақталуда.
«Ол кабинетіме кіріп келіп, дәрінің бос қағаздарын столыма тарсылдатып қойды. Өлгісі келетінін айтты. Аузына келгенді айтып, есікті тарс жауып шығып кетті. Мен полиция шақырып, оны табуды сұрадым. Сенбесеңіздер бүкіл жағдай камерада жазылып қалды. Сол жерден көрушге болады.»,-дейді әкім.
Бірақ әкім өзіне өлетінін айтқан әйелмен неге дұрыс сөйлеспегенін түсіндірмейді. Ал Балжанның он айлық баласы Айбол 5 күн ана сүтін ішпей ауырып қалған. Қазір балалар ауруханасында жатыр.

Алдыңғы жаңалық

СЕНАТОР 90 ЖЫЛДАН АСА ТАРИХЫ БАР БАСЫЛЫМНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Келесі жаңалық

КӨЛІГІМ "КРУТОЙ" НӨМІРМЕН ЖҮРСІН ДЕСЕҢІЗ...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі