el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ДЕ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР РЕТІНДЕ ТІРКЕЛУІ ТИІС

5 января, 2024
in Экономика
0
ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ДЕ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР РЕТІНДЕ ТІРКЕЛУІ ТИІС
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Алматы қаласы ӨКҚ-де өткен брифингте Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері мобильді аударымдарды бақылауға байланысты журналистердің сұрағына жауап берді. Тілшілер салық органы қызметкерлерінен такси жүргізушілері заң аясында қалай жұмыс істеу керегін сұрады, деп хабарлайды El-aina.kz сайтының тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап. Брифингте адам тасып күнелтіп жүрген такси жүргізушілері салық бойынша міндеттемесін қалай дұрыс орындауы керегі айтылды. «Такси қызметінде немесе жол-жөнекей жұмысқа барарда, қайтарда бес-алты адам алып кететіндерде айына 100 мобильді аударым шығады деп ойлаймын. Солардың жайы қалай болмақ? Көлігінде кассалық аппарат тасып жүруі керек пе?», — деген сұрақ қойылды спикерлерге. Бұл сұраққа Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Айжан Бекеева жауап берді. Оның айтуынша, егер адам такси жүргізушісі ретінде кәсіпкерлікпен айналысса, міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. «Өте дұрыс сұрақ. Такси жүргізушісі ретінде кәсіпкерлікпен айналысса, бұл жерде міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Биылдан бастап Алматы және Астана қаласы бойынша пилоттық жоба басталды. Қазір салық міндеттемелерін орындау жеңілдетілген. E-salyq business деген арнайы мобильді қосымша бар, сол жерде кәсіпкер ретінде тіркеліп, табысының 1 пайызын төлеп отырады. Мұндай мүмкіндік Яндекс такси мобильді қосымшасында да бар. Яғни, соның ішінде кассалық аппарат бар, сол жерде есеп нысанын тапсыруға болады. Егер ол бөлек патент негізінде болса есеп тапсыруы керек, егер E-salyq business мобильді қосымшасы арқылы тіркелсе, есеп тапсырылмайды. Айма-ай бір пайыз жеке табыс салығын төлеп отырады және бұған қоса, әрине, әлеуметтік төлемдер бар», — деді департамент қызметкері. Еске салсақ, бұған дейін салық органының өкілі үш ай қатарынан 100-ден аса тұлғадан мобильді аударым қабылдау бойынша бұзушылық анықталған жағдайда қандай шара қолданылатынын айтқан еді.

Алдыңғы жаңалық

АЛДА АЯЗ КҮТІЛЕДІ ДЕЙДІ МАМАНДАР

Келесі жаңалық

"ШЕРХАН МҰРТАЗА ЖЕРДІ САТУҒА ҚОЛ ҚОЙҒАН"

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі