el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ШЕРХАН МҰРТАЗА ЖЕРДІ САТУҒА ҚОЛ ҚОЙҒАН»

8 января, 2024
in Жаңалықтар
0
«ШЕРХАН МҰРТАЗА ЖЕРДІ САТУҒА ҚОЛ ҚОЙҒАН»
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тарихшы, жазушы, қазақ ауыз әдебиетін зерттеуші, ғалым Мұхтар Мағауин “Халық үні” ютуб-арнасына сұхбат берді деп хабарлайды El-aina.kz сайтының тілшісі Bugin.kz порталына сілтеме жасап. Сұхбатта бірнеше жазушының “Жер сатылсын” деген құжатқа қол қойғанын, ішінде Шерхан Мұртазаның да болғанын айтты.
«Дарақылық. Мәдениеттің төмендегі. Ұлттық сананың жоқтығы. Осы арқылы адамдар мал тапқысы келеді. Сол адамдар түбінде батыр болып шықты. Шерхан Мұртаза “Жер сатылсын” деген құжатқа қол қойған. Кезінде жердің сатылуына бүкіл жазушылар қарсы болды. Сол кезде Алтынбек Сәрсенбаев ұйымдастырып, жиналыс өткіздік», деген сұхбатта.
Мұхтар Мағауиннің айтуынша, жиналысқа шығармашылық ұйымдар, суретшілер, композиторлар келген.
«Жиналыста ойымды ашық айттым. Сол кезде мақала да жаздым, бірақ газетке жарияланбай қалды. Жиналысқа Шерхан Мұртаза келген жоқ. Ол: “Жер сатқан дұрыс. Ертең қартайған кезде жерсіз қалай отырамын”,- деп айтқан. Парламентте бүкіл жазушылардың ішінен үш адам “Жер сатылсын” деген құжатқа қол қойды. Шерхан Мұртаза, Фариза Оңғарсынова, Дулат Исабеков.(ав–н.) Ол “Ауыл” деген партияның төрағасы болды. Екеуі – шешуші дауыс болды», дейді ғалым берген сұхбатында.

Алдыңғы жаңалық

ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ДЕ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР РЕТІНДЕ ТІРКЕЛУІ ТИІС

Келесі жаңалық

МЕМЛЕКЕТТІҢ БІР АЗАМАТҚА ТӨЛЕНЕТІН ЖАРНАСЫ АЙЫНА 5852,63 ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі