17 қаңтарда Шымкенттегі бірнеше құрылыс дүкенін өрт шарпыды . Бұл туралы El-aina.kz сайтының тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Өрт тұтанғаны туралы ақпарат төтенше жағдайлар департаментіне түнгі 01:15 шамасында түскен.
ТЖД қызметкерлерінің ақпараты бойынша, «Евролюкс», «Гармония», «Марморит», «Медина» құрылыс дүкендері мен Әйтеке би көшесіндегі қоймасы өртенген.
«Қызыл жалын 1300 шаршы метр аумақты шарпыған, ғимараттың жалпы аумағы – 1400 шаршы метр. ТЖД оқиға орнында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр», – делінген Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өрт түтіні Шымкенттегі көптеген құрылыс дүкендері орналасқан Ескі қала көшесінен бірнеше шақырым жерден көрініпті. Куәгерлердің сөзінше, ешкім зардап шекпеген.