50 жыл бұрын ата-әжесінің қолында қалған ұлы анасымен қауышты, деп хабарлайды El-aina.kz сайтының тілшісі «Бармысың, бауырым?» бағдарламасына сілтеме жасап.
Аталған бағдарламаға қызылордалық Арайлым Әсетқызы әкесінің анасын іздеп хабарласқан.
Осыдан 50 жыл бұрын әкемнің ата-анасы ажырасып, екі айлық әкем ата-әжесінде қалады. «Жастығыңды қор қылма, тұқымымыз өзімізде қалсын» деген шақалақты алып қалады. Ол кезде әжеміз Нұржамал бар болғаны 19-20 жаста екен. Ата-енесінің сөзінен аса алмай, ұлын тастап кете барады, — дейді.
Бағдарламаның арқасында 50 жылдан кейін жолдары екіге бөлінген анасы мен ұлы қауышты.