el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: 15 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫҢ ӨЛІМІНЕ КІМДЕР КІНӘЛІ?

17 января, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: 15 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫҢ ӨЛІМІНЕ КІМДЕР КІНӘЛІ?
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Арықтан денесі табылған 15 жастағы қыздың өлімі туралы тың дерек шықты, деп хабарлайды El-aina.kz сайтының тілшісі «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасап.
9 ай бұрын Аружан Орынбайдан жалаңаш фото үшін ауылдас екі жігіт ақша бопсалаған. Көп уақыт өтпей, бойжеткеннің денесі арық маңынан табылған. Жергілікті полиция екі күдіктіні ұстады. Бірақ екі күдіктінің біреуі ғана ауыр жаза арқалап, екіншісі үй қамаққа алынған.
8 сәуірде Түркістан облысы, Төрткүл ауылында жас қыздың денесін екі жеткіншек арыққа ағызып жіберген. 15 жастағы қыздың мәйіті келесі күні табылған.
Екі жігіт Аружан Орынбайдан жалаңаш суреті үшін ақша бопсалаған. Тергеу нәтижесінде, ол суреттегі қыз мүлдем басқа болып шыққан. Сот үкімімен бірі 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал экс-әкімнің ұлын шартты жазаға кесіп, 1 жыл 4 айға үй қамаққа жіберген.
«Мен сотпен келіспеймін. Мүлдем түсіне алмай отырмын. Әділ болған жоқ. Жазасын алып жатқан жоқ. Мен әділдік іздеймін. Төлеп бәрін мойындады. Әке-шешесі кешірім сұрап келді. Ал Бейбарыс мойындамай отыр»,- дейді Аружанның анасы Динара Зілқараева.
Ал күдікті, экс-әкімнің ұлының туыстары Бейбарыс бұл қылмысты жасамаған деп отыр.
«Оны ұстап алып, басына пакет кигізіп, саусақтарын мыжып, қылмысты мойындатқызған тергеушілер. 19 жастағы жігіт, өтірік айтса бетіне шығып қалар еді ғой. Ол өлтірсе жаназасына қалай барады? Жаназасында да жүрді ғой»,- дейді Бейбарыстың әпкесі.
Бейбарыстың әпкесінің сөзіне тергеуші жауап берді.
«Бұл айтып жатқандарының бәрі сотта анықталмаған. Бұл айтқандарына ешқандай дәлелдері жоқ. Дәйексіз сөйлеп жатыр. Сол күні сараптама жүргізілген денесіне. Денесінде ешқандай жарақаттары болмаған»,- дейді тергеуші.
Аружанның анасы сот үкіміне келіспей, аппеляцияға берген. Екінші тарап, Бейбарыс Беріктің адвокатыда істің әлі дұрыс ашылмағанын алға тартып, аппеляцияға берді.
«Мен сіздің аяғыңызға жығылар едім. Бейбарыс «кінәлі емеспін» деп отыр. «Мен ол жерде болмадым» деп отыр. Ол кінәлі болса аяғыңызға жатар едім»-дейді Бейбарыстың анасы.

Алдыңғы жаңалық

50 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ АНА МЕН БАЛА КЕЗДЕСУІ

Келесі жаңалық

32 ШЕТ МЕМЛЕКЕТТІҢ АЗАМАТЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі