el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

МАҢҒЫСТАУ: АРЫҚТАТАТЫН ДӘРІ ҚАБЫЛДАҒАН ӘЙЕЛДІҢ ЖҮРЕГІ ТОҚТАП ҚАЛДЫ

19 января, 2024
in Денсаулық
0
МАҢҒЫСТАУ: АРЫҚТАТАТЫН ДӘРІ ҚАБЫЛДАҒАН ӘЙЕЛДІҢ ЖҮРЕГІ ТОҚТАП ҚАЛДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Маңғыстаулық кардиохирургтар арықтататын дәрі қабылдау салдарынан жүрегі тоқтап қалған 30 жастағы науқасты аман алып қалды. Бұл туралы El-aina.kz сайтының тілшісі Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
Желтоқсан айында аурухананың жедел жәрдем бөліміне жас әйел өте ауыр жағдайда жедел жәрдеммен жеткізілген. Қан қысымы күрт төмендеп, науқас кардиогенді шокқа түскен. Дәрігерлер ультрадыбыстық зерттеу кезінде жүректің жиырылу қабілетінің төмендегенін анықтады.
Кардиохирург Әбунасыр Суханов:
“Ата-анасының айтуынша, науқас арықтатуға арналған «Молекула» дәрісін ішкен. Соның салдары жүрекке әсер етті деген тұжырымға келдік. Себебі арықтатуға арналған дәрінің құрамында «сибутрамин» деген зиянды зат бар. Бұл дәрі жүрек-қан тамыр жүйесінің әлсіздігіне алып келеді. Науқастың қан қысымы қалыпқа келмеген соң жедел түрде жасанды жүрек-өкпе (ЭКМО) құрылғысына қостық. Осылайша, жүрекке қосымша сүйемелдеу арқылы көмек беріп, қан қысымын 70-ке дейін көтердік”, — дейді.
Жасанды жүрек-өкпе аппараты бір апта бойы науқастың денесінде болды. Емдеу нәтижесінде қан қысымы да қалыпқа келді. Оянғаннан кейін әйел құрылғылардан ажыратылды. Қазір науқастың жағдайы жақсы.
Науқастың анасы қызын аман алып қалуға мүмкіндік алған дәрігерлерге алғысын білдірді. Мейрамгүл Кенжебаева:
“Бәрі дәрігерлердің шеберлігі мен біліктілігінің арқасында жүзеге асты. Ота тегін жасалды. Аурухана басшылығына, кардиохирургиялық дәрігерлерге, жансақтау бөліміне және медбикелерге алғысымды білдіремін”, — деді.
Айта кетерлігі, мұндай шұғыл операциялар медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында, ал жоспарлы операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жүзеге асырылады.

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА КҮДІКТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі