el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Саясат

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА КҮДІКТІ

19 января, 2024
in Саясат
0
ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА КҮДІКТІ
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте Еңбек мобильділігі орталығының басшысы жемқорлыққа күдікті. Бұл туралы El-aina.kz сайтының тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілетеме жасап хабарлайды.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Шымкент қаласының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол «Бастау Бизнес 2023» ұлттық жобасы шеңберінде гранттардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру кезінде жалпы қамқорлығы үшін делдал арқылы 200 мың теңге сомасында пара алу бойынша күдікті. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда,-делінген антикордың таратқан мәліметінде. Бұған дейін ақпарат құралдарында жоғарыда аталған орталықтың директоры Әсет Шағдаттың парамен ұсталғаны туралы мәлімет таратылған болатын. Ашық дереккөздерінен алынған мәліметке қарағанда ол бұл қызметке 2022 жылдың наурызында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысының бұйрығымен тағайындалған.

Алдыңғы жаңалық

МАҢҒЫСТАУ: АРЫҚТАТАТЫН ДӘРІ ҚАБЫЛДАҒАН ӘЙЕЛДІҢ ЖҮРЕГІ ТОҚТАП ҚАЛДЫ

Келесі жаңалық

ҚАЗАҚСТАН МЕН ИТАЛИЯ АРАСЫНДА ҚАНДАЙ КЕЛІСІМДЕР БОЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі