el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

№66 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ ҚАРАҚШЫЛЫҚ ДЕРЕГІМЕН 33 СОТТАЛУШЫ ЖАЗАСЫН ӨТЕП ЖҮР

22 января, 2024
in Жаңалықтар
0
№66 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ ҚАРАҚШЫЛЫҚ ДЕРЕГІМЕН 33 СОТТАЛУШЫ ЖАЗАСЫН ӨТЕП ЖҮР
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Атырау облысында өткен жылы аса ауыр қылмыс санатына жататын 7 қарақшылық шабуыл жасалған. Полиция қызметкерлері күдіктілердің бәрі ұстап, қылмыстың ізін суытпай ашты деп хабарлайды El-aina.kz сайтының тілшісі KAZINFORM ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, адамды тонау мен қарақшылық шабуыл жасау ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған.

«Тонау – бұл бөтен мүлікті ашық ұрлау, ал, қарақшылық – бөтен мүлікті ұрлау мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына зақым келтіріп, қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау әрекеті. Атырау облысында өткен жылы 7 қарақшылық дерегі тіркеліп, барлығы ашылды. Оның ішінде микро-қаржы кеңесі мен букмекерлік лотоклубқа 1 реттен қарақшылық шабуыл жасалған. Осы және жеке адамдарға жасалған қарақшылық деректеріне байланысты күдіктілері ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды. Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу жүргізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір Атыраудағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарайтын №66 түзету мекемесінде қарақшылық дерегімен 33 сотталушы жазасын өтеп жүр. Оның ішінде Атырау облысынан 18, Маңғыстаудан — 14, Жамбыл облысынан 1 сотталушы бар. Сотталушылар 1 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау түрмесінде есірткі қылмысымен сотталған 33 әйел жазасын өтеп жүргенін жазған болатынбыз.

Алдыңғы жаңалық

"ҰЛТТЫҚ ҚОР – БАЛАЛАРҒА" БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АҚША 1 АҚПАННАН КЕШІКТІРМЕЙ АУДАРЫЛАДЫ

Келесі жаңалық

АЛМАТЫДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСІНЕ МИНИСТР ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАСАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі