el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АЛМАТЫДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСІНЕ МИНИСТР ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАСАДЫ

23 января, 2024
in Жаңалықтар
0
АЛМАТЫДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСІНЕ МИНИСТР ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАСАДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Алматыдағы жер сілкінісі бойынша ахуал қаралды. Үкімет басшысы бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды El-aina.kz сайтының тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Премьер-министр ТЖМ-нен әкімдікке және басқа да мемлекеттік органдарға дейінгі барлық қызмет болған жер сілкінісіне ден қойғанын атап өтті. «Қаза тапқандар жоқ, ауқымды зиян келмеді. Алайда зардап шеккендер бар. Уақытылы ақпарат алмаған адамдар нақты әрекетсіз дүрбелеңге жол берді. Олар 2, 3 қабатардан секірген кезде зардап шекті. Бұл ескерту жүйелерін уақытылы қосып, халыққа мүмкіндігінше ертерек ақпарат беріп, хабарламалар жіберу қажет екенін көрсетті», — деді Әлихан Смайылов. Премьер-министр барлық сейсмикалық қауіпті өңірде жаттығулар жиі өткізілуі керек екенін атап өтті. «Халық іс-қимыл алгоритмін білуі керек», — деді үкімет басшысы.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осындай ТЖ-ны жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын түзетуді тапсырды. «Жақын арада жедел ден қою үшін басқару органдары мен азаматтық қорғау күштері басшылары мен жауапты тұлғаларының басқару бекеттеріндегі кезекшілігі енгізілсін. Бұл тіршілікті қамтамасыз ететін барлық ұйымға қатысты», — деді Әлихан Смайылов. Ол сондай-ақ зардап шеккендерді емдеу үшін барлық шараны қабылдау қажеттігін атап өтті. «ТЖМ қызметтері жағдайды тұрақты бақылауда ұстауы тиіс. Барлық тиісті қызмет арасында, соның ішінде жер сілкіністері ошақтары орналасқан көрші мемлекеттермен нақты өзара іс-қимыл жасау керек», — деп түйіндеді сөзін премьер-министр.

Алдыңғы жаңалық

№66 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ ҚАРАҚШЫЛЫҚ ДЕРЕГІМЕН 33 СОТТАЛУШЫ ЖАЗАСЫН ӨТЕП ЖҮР

Келесі жаңалық

ДАБЫЛ ҚАҚҚЫШТЫ ІСКЕ ҚОССАҚ ДҮРБЕЛЕҢ БОЛАР ЕДІ...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі