el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда мүгедек балаларға арналған колледжде мерзімі өткен тамақ пен дәрі беріліп келген

23 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Кентауда мүгедек балаларға арналған колледжде мерзімі өткен тамақ пен дәрі беріліп келген
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласындағы арнайы кәсіптік колледжде мерзімі өтіп кеткен тамақ пен ескірген дәрілер беріліп келген. Мұндай фактіні облыс прокурорлары анықтаған,- деп хабарлайды El-aina.kz сайтының тілшісі.
Ведомство мәліметінше, бұл колледж мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту және білім беру қызметтерін ұсыну үшін құрылған еліміздегі жалғыз мамандандырылған мекеме болып табылады. Онда білім алатын 80 баланың құқықтары өрескел бұзылған.
Прокурорлық тексеру нәтижесінде колледж басшылығы ұзақ уақыт бойы заңнама талаптарын бұза отырып, ерекше студенттерді мемлекеттік қызметтермен тиісінше қамтамасыз етпегені анықталған.
«Сапасыз білім берудегі бұзушылықтар, оқытушылар құрамының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, санитарлық және өртке қарсы нормалардың сақталмағаны белгілі болды. Мекемеде мерзімі өткен азық-түліктер мен ескіру мерзімі өткен медициналық препараттарды қолданған» делінген прокуратура мәліметінде.
Сонымен қатар Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары медициналық қарсы көрсетілімдері мен шектеулері бар талапкерлерді оқуға заңсыз қабылдау фактілерін біле тұра тиісті шаралар қабылдамаған.
Тексеру нәтижесімен заң бұзушылықтарды жою және бала құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасы 5 прокурорлық ден қою актісін облыс әкімдігіне және мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттеріне енгізді.

Алдыңғы жаңалық

68 КӨЛІКТІ ЗАҢСЫЗ ТІРКЕГЕНДЕР ҰСТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮЛКІБАС: «ҚАРАКӨЗ» БИ ТОБЫ ҚЫТАЙ ЕЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТЕТІН БОЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі