el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЕЛОРДАДА АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ

15 марта, 2024
in Жаңалықтар
0
ЕЛОРДАДА АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қасиетті Рамазан айы мен Наурыз мерекесіне орай елордада көмекке мұқтаж тұрғындарға азық-түлік себеттері таратылды. Акция «Игі істер марафоны» аясында өткізілді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El-aina.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Іс-шараны елорда әкімдігі мен «Астана жастары» еріктілері ұйымдастырды.

2023 жылдың наурыз-желтоқсан айлары аралығында Астанада мұқтаж азаматтарға 4000-нан астам азық-түлік жиынтығы таратылды. Бұл жолы 1000-нан астам азық-түлік жиынтығы аз қамтылған отбасылар, көп балалы аналар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, зейнеткерлер және толық емес отбасылар сияқты халықтың әлеуметтік осал топтарына таратылады. Қораптың салмағы 45 келі және барлық жүктің салмағы 45 тоннадан асады. Азық-түлік қоржынында ұн, қант, қарақұмық, күріш, макарон, балаларға арналған тәттілер сияқты қажетті тауарлар бар, — деді Астана әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.

Бүгін көпбалалы ана Роза Сырбекова азық-түлік себеттерінің бірін алды. Ол акция ұйымдастырушыларына көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Қолдау көрсеткеніңіз үшін және мерекелік көңіл күй сыйлағаныңыз үшін рақмет! Барша қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Баршаңызға денсаулық пен ашық аспан тілеймін, — деді елорда тұрғыны.

Елордада азық-түлік себеттері жыл сайын таратылады. «Игі істер марафоны» қайырымдылық акциясы жыл соңына дейін жалғасады.

Алдыңғы жаңалық

Ұлттық құрылтай бірегей платформаға айналды – Аида Балаева

Келесі жаңалық

МАЙТӨБЕЛІК КӘСІПКЕР 5 МЛН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі