Тынбай еңбек еткеннің тұрмысы берекелі болады. Сондай кәсіпкерлердің қатарында майтөбелік Әлихан Габибуллаұлының үлесі зор. Негізгі мамандығы медицина саласында болса да, кәсіпкер химиядан біліктілігі бар болғандықтан осындай өнімді шығаруды жөн көрген. Бұл кәсіптің 12 өнімді шығаруға сертификаты бар. Бұл тек аудан үшін емес, облысқа басқа да қалаларға жаңа бастама болғалы тұр. Отандық өнімді Шымкент, Тараз, Астана, Қызылорда, Ақсукент тағы басқа аймақтарға таратады. Сонымен қатар, сұйық сабын, киімді ағартуға, терезе жууға, ыдыс жууға арналған сұйық сабын, шашқа арналған сұйық сабын өнімдерін шығаратын бұл цехта жалпы 9 адам жұмыс жасайды. Баға жағынан әлдеқайда арзан. Мысалы ыдыс жуатын су сабынның 1 литрі дүкенге өткізетін бағасымен 550 теңге. Сұйық затқа тоғыз қоспа қосылады. Оның жартысы Қазақстанда шықса, кейбірі шетелден келеді. Тасымалдайтын компаниялары бар. Аудан орталығының екі нүктесінен кір сабын мен әтір сабынды шығаруға ниетте.