el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home СПОРТ

ТҮЛКІБАС: ӘМЗЕ БЕКАЙДАР- АСЫҚ АТУДАН 3 ДҮРКІН ЧЕМПИОН

25 апреля, 2024
in СПОРТ
0
ТҮЛКІБАС: ӘМЗЕ БЕКАЙДАР- АСЫҚ АТУДАН 3 ДҮРКІН ЧЕМПИОН
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібастың қасиетті жерінен ақын да, ғалым мен ғұлама да, әнші мен биші де, талай спорт майталмандары мен ел тізгінін ұстаған халық қалаулылары да шыққан. Бұл жеріміздің киесі мен топырағының құндылығының дәлелі болса керек. Өскелең ұрпақтың әрбір жетістігі аудан үшін үлкен мәртебе, ерекше қуаныш. Алақандай ауылда туып, тамыры тереңге кеткен Түлкібастың атын әлемге таныту кімге де болсын үлкен мақтаныш, зор мәртебе.

Осы тұста Елтай ауылындағы Мәмбеталы Бағысбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Әмзе Бекайдар Сәуірханұлын ерекше атап өткіміз келеді. Ол құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған ақысыз үйірмелерге қатысып, жетекшісі Мырзагелдиев Талғат Бауырбекұлының жаттықтыруымен қазақтың ұлттық ойыны асық атуға қатысып, аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Оқуда озат, қатарластарының алды болған Бекайдар Сәуірханұлы 2011 жылдың 26 мамырында Елтай ауылында туған.
2022 жылы аудан біріншілігінде І орын, «Ұлттық мектеп лигасы» аясында облыстық және республикалық асық ату жарысынан І орын, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2010, 2011, 2012, 2013 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Түлкібас аудандық №1 БЖСМ-нің ашық біріншілігінен топ жарып, облыстық, республикалық чемпионаттарға қатысып, жүлделі І орынды қанжығасына байлаған болатын.
2023 жылы дәл осы ұлттық спорт түрінен Түркістан облысының чемпионатында І орыннан көрініп, Басқарма басшысы Қ.Жолдықараевтың арнайы дипломымен марапатталды. Дәл осы жылы Бекайдар Сәуірханұлы Қызылорда қаласында өткен ҚР чемпионатында І орын алып, төраға Е.Мырзабосыновтың мақтау дипломына ие болды. ҚР туризм және Спорт министрлігінің Спорт және Дене шынықтыру істер комитеті Асық атудан 2011-2013 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасындағы жекелей-командалық чемпионатында командалықтан және жекелей 2-ші сақа арасында І орынды алып, асық ату спортынан ҚР-ның үш дүркін (2022-2023-2024) чемпионы атанып отыр.
Жас болса да күшке, епке, ерекшелікке ие азамат Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы №036 куәлігімен 2023 жылдың 17 қаңтарында Әмзе Бекайдарға “Асық атудан Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат» атағы берілді. Мектепте жүрген жасөспірім шағынан спорттың байыбына жетіп, мақсатын айқындай алған, арман қуып, болашағына нық сеніммен қадам басқан спорт жанашырына біз де толағай табыстар тілейміз. Аядай ғана ауылының атын шығарып, абыройын асқақтата береді деп сенім білдіреміз

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 145 МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ ПЕН БҰТА ЕГІЛДІ

Келесі жаңалық

ТҮЛКІБАС: "ЖАСЫЛ АЙМАҚ" ТҮЛКІБАСТА 138 ШАҚЫРЫМ АРЫҚ-АТЫЗ ТАЗАЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі