el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 145 МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ ПЕН БҰТА ЕГІЛДІ

9 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 145 МЫҢҒА ЖУЫҚ  АҒАШ ПЕН БҰТА ЕГІЛДІ
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес кезекті сенбілік ұйымдастырылды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен ауқымды шараға жергілікті әкімдіктер, барлық мемлекеттік мекеме мен кәсіпкерлік ұйымдар, белсенділер мен еріктілер қатысып, бекітілген аумақтарда тазалық және ағаш көшеттерін егу жұмыстары жүргізілді. «Сенбілік – тазалық айнасы» атты тақырыпта барлық аудан, қаладағы жастар орталықтары да атсалысты.
Сенбіліктің мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сонымен қатар әрбір азамат облысымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосу. Сондай-ақ аудан, қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бір жарым мыңдай көше бойы тазаланды. 850 тонна қоқыс шығарылды. Бұдан бөлек ағаштар әктелінді, аяқ жолдары қоқыстан тазартылды. Саябақтар және скверлер, балалар және спорт алаңшалары ретке келтірілді. Көпірлер, өзендер, каналдар мен бұлақтардың арналары жиналды. Көп қабатты тұрғын үй маңындағы аумақтары мен аулаларын, жертөлелерін, кіре берістері (подъезд) тазартылды. Үй қасбеттеріне әктеу және сырлау жұмыстары жүргізілді. 145 мыңға жуық ағаш және бұта отырғызылды. Жалпы он бес мыңдай адам сенбілікке қатысып, 239 техника жұмылдырылды.
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Әрбір тұрғын өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың өңір тазалығына қосқан үлесі.

Алдыңғы жаңалық

Турнир өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды

Келесі жаңалық

ТҮЛКІБАС: ӘМЗЕ БЕКАЙДАР- АСЫҚ АТУДАН 3 ДҮРКІН ЧЕМПИОН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі