el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ТӨРТІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

29 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аудандық қоғамдық кеңестің кезекті төртінші отырысы өтті. Оған тиісті бөлім басшылары мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Отырыста төрағалық еткен Ауылшаруашылық, кәсіпкерлік, көлік, байланыс және кәсіпорын жөніндегі комиссиясының төрағасы Жамалбек Қарабалаев болды. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Олар:
-Ауылдық округ аппараттарында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін,тәртіптерін, стандарттарының бұзылуына жол бермеу жолындағы жұмыситар туралы;
-Аудан көлеміндегі мемлекеттік және жеке меншік бала-бақшалардың тәрбие жұмыстарының жағдайы, балалардың ыстық тамақпен қамтылуы және санитарлық талаптардың орындалуы барысы туралы;
-Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесінің 2023 жылы атқарған жұмыстары мен кәсчіпкерлерді тексеру маратории алынған кезеңнен кейінгі 2024 жылғы іс-шара жоспарлары туралы;
-Састөбе кенті әкімінің өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттерінің іске асырылуы жөніндегі есебі туралы.
Регламент бекітілгеннен кейін әр мәселе бойынша бөлім меңгерушілері мен тиісті округ әкімі баяндама оқыды. Әр баяндама тыңдалғаннан кейін қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, көтерілген мәселелер шеңберінде қажетті ұсыныстар да айтылды. Алдағы уақытта «Халықтық кеңсе» жұмысын жандандырып, мүмкіндігінше тұрғындарды ақпараттандыру қажеттігі айтылды. Бақытжан Қуанышбаев мырзаның тарапынан бала-бақша қызметтеріне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тиісінше жөндеуді қажет ететін ескі бала-бақшаларға көбірек назар аудару керектігі туралы ұсыныс түсті. Күн тәртібіндегі әр мәселе терең әрі нақты қаралған отырыс бір ауыздан бекітілді.

Tags: ТҮЛКІБАСқаулықоғамдық кеңес
Алдыңғы жаңалық

ТҮЛКІБАС: "ЖАСЫЛ АЙМАҚ" ТҮЛКІБАСТА 138 ШАҚЫРЫМ АРЫҚ-АТЫЗ ТАЗАЛАНДЫ

Келесі жаңалық

МАДИЯР СЕРІКБАЕВ: «АУЫЛ ҚАРИЯЛАРЫНЫҢ БЕРГЕН БАТАСЫ БОЛАШАҒЫМА НҰР БОП ҚҰЙЫЛДЫ»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі