el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home СПОРТ

Соғыс және еңбек ардагерінің рухы еске алынды

13 мая, 2024
in СПОРТ
0
Соғыс  және  еңбек ардагерінің рухы  еске  алынды
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлы Отан соғысының ардагері, Алматыда жасақталған әйгілі 316 – шы атқыштар полкінің жауынгері, «Қазақстан Халық ағарту ісінің озық қызметкері» Нұрлыбай Тұңғышбайұлы Қасымбековті еске алуға арналған турнир биыл да өз жалғасын тауып, аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ширек ғасырдан бері үздіксіз өтіп келе жатқан жарыстың басты мақсаты: аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық қатынастарды нығайту және ынтымағы мен татулығы жарасқан ұлттарды өз ара біріктіру болып табылады. Еліміздің Ән ұраны ойналып, жарысқа қатысушылар сапқа тұрған кезде аудандық мәслихаттың төрағасы Х.Байысбаев, академик О.Сәбден, облыстық мәслихаттың депутаты Т.Қалмұратов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қасымбек және басқа да белгілі тұлғалар соғыс және еңбек ардагерінің өнегелі еңбек жолдарын сағынышпен еске алып, жарысқа қатысқалы отырған спортшылардың көрсетер ойындарына сәттілік тіледі.Сонымен көптен күткен спорт жарыстарының көбесі сөгіле берді…

Қызықты да тартысты өткен аяқ доп бәсекесінде өздерінің шебер ойындарымен жанкүйерлерді баурап алған Майтөбе ауылының жігіттері ешкімге дес бермей жеке дара топ жарып, 300 000 теңге мен арнайы дипломды, кубокты қанжығаларына байлады. Жаскешу ауылының футболшылары екінші орыннан көрініп, 200 000 теңгені қалталарына басты. Майлыкент командасы алғашқы үштікті қорытындылап, 150 000 теңгені қанағат тұтты. Одан бөлек мына аяқ доп шеберлері: Абдел Қайрат – үздік шабуылшы, Бақтияр Есенғараев – үздік жартылай қорғаушы, Абай Тұрсынбетов – үздік қорғаушы, Әлімжан Жаңбыршиев – үздік қақпашы, Дулат Астаев – ең үздік ойыншы, Әсілбек Асқаров – үздік ардагер футболшы атанып, арнайы марапаттармен, дипломдармен марапатталды. Шаршы тақта бәсекесінде ардагерлер арасында Досымхан Сейсебаев, Мирильяс Мірқадіров, Мәлік Шолашов алғашқы үштіктен көрініп, 30 000- 15 000 теңгені өз ара бөліссе, жасөспірімдер арасында Отуз Мейірхан, Мүлкібай Дархан, Есжан Дәуірбаев, Жұмабай Каусер, қыздар арасында Әсел Әпсаттар, Нұрай Қалдарбекқызы, Нұршах Бейсенбай сынды келешегінен мол үміт күтетін балғын шахматшылар ерекше көзге түсіп, жеңімпаз атанды. Осылайша соғыс және еңбек ардагері Нұрлыбай Қасымбековті еске алу турнирі өз мәресіне жетіп, өзінің тартымдылығымен есте қалды.

Алдыңғы жаңалық

ТҮЛКІБАС: ПАЙ-ПАЙ, ШІРКІН, ҚАЗАҚТЫҢ КЕЛІНДЕРІ-АЙ...

Келесі жаңалық

ТҮЛКІБАСТЫҚ ЖАС КӘСІПКЕР КІР САБЫН ШЫҒАРУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі