el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

18 мамыр — Халықаралық музейлер күні

16 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
18 мамыр — Халықаралық  музейлер күні
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

18 мамыр — Халықаралық музейлер күні осыдан 40 жыл бұрын, яғни 1977 жылы Мәскеу қаласында өткен Дүние жүзі мәдени қауымдастығының Халықаралық музейлер кеңесінің Бас конференциясында бекітілген болатын. Бұл мейрам 1978 жылдан бері 150-ден астам мемлекетте мерекеленеді. 1997 жылы тұңғыш рет «Музей түні» шарасы Берлин қаласында өткізілген. Бүгінгі таңда республикамыздың барлық өңірлеріндегі музейлерде «Ашық есіктер» күнін өткізумен қатар «Музей түні» өткізіледі.

Халқымыздың ғасырлардан тамыр тартатын өткені мен бүгінгі, жылдар қойнауындағы құндылығы мен тарихын халық арасына, кейінгі ұрпаққа жеткізуде музейлердің алар маңызы зор. Себебі, музей – бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін жинақы түрде ұрпақтан ұрпаққа жалғап отырған бірден-бір институт. Мyзeй – тeк қaнa тapихтaн cыp шepтeтiн оpын eмec, cонымeн қaтap, тәpбиeлiк мәнi бap, жacтapғa бiлiм бepeтiн pyхaни оpын. Қaндaй мyзeй болca дa оның қоғaмнaн aлaтын оpны epeкшe.
Бүгінгі жаһандану заманында еліміздің тарихы мен айбарын халыққа танытып, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы жоспарлар мен істерді ел ішіне жеткізу маңызды да жауапты міндеттің бірі болып отыр. Осы орайда халқымыздың ғасырлардан тамыр тартатын өткенін, яғни, тарихын халық арасына, кейінгі ұрпаққа таратуда музейлердің маңызы зор. Музей — ғылыми, мәдени-тарихи орталық. Музейлер — бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін жинақы түрде ұрпақтан ұрпаққа жалғап отыратын институт. Сонымен қатар ол жинақталған мұраны ғылыми түрде зерттеп, зерделеп, халықтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін танытып отырады.
Музей – өлкенің тарихы, халықтың қазынасы, ел-жұрттың тағдыры – бәріміздің тағдырымыз. Музейдің адамзат тарихындағы алатын орны ерекше екені белгілі. Қазіргі кезде музейлердің алдында болашақ үшін мәдени мұраны сақтау және мәнді құндылықтарды замандастар үшін көрсету, насихаттау мәселелері тұр.
Мәдени құнды көне заттарды көрсету, жалпы адамзаттық мәнін ашу арқылы музейге келушілердің адамгершілік, рухани өсуіне әсер ету.

Алдыңғы жаңалық

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ КӨКПАРШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Келесі жаңалық

Түлкібас: Су ресурстары және ирригация вице-министрі ауданға іс-сапармен келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі