el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Саясат

Түлкібас: Су ресурстары және ирригация вице-министрі ауданға іс-сапармен келді

17 мая, 2024
in Саясат
0
Түлкібас: Су ресурстары және ирригация  вице-министрі ауданға   іс-сапармен келді
0
SHARES
30
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Іс-сапары барысында ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов «Казсушар» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Қазыбек Бедебаев және аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовпен бірге аудан аумағындағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан су нысандарын аралап, бүгінгі жағдайын бақылады.
Соңғы жылдары ауданда өзекті болып келген ағын су мәселесін түбегейлі шешу мақсатында салаға жауапты вице-министр тиісті мекеме басшысы мен мердігерге халықты ағын сумен қамту мақсатында жұмысты сапалы әрі тездетіп аяқтауды тапсырды. Құрылыс жұмыстары барысында жергілікті халықтың ұсыныс-өтініштерін орындалуын талап етіп, суғару маусымы кезінде канал арналарына су жіберіп, халыққа ыңғайлы жағдай туғызу керектігін атап өтті.
Бүгінгі таңда аудан аумағында 123 шақырымды құрайтын 13 су нысанының 77 шақырымын бетондау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстың 60 пайызға жуығы аяқталып, 44 шақырымы бетондалған. Жергілікті халыққа ыңғайлы жағдай жасау мақсатында егіндікті суғару маусымы яғни ағымдағы жылдың мамыр айының 20-сы мен тамыз айының аяғына дейін құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылып, каналдарға су жіберілетін болады. Осы аралықта жауапты мекеме мен мердігер каналдарды механикалық тазалау сынды жұмыстарды атқаратын болады.
Аталған құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан соң 8600 га суғармалы жер қайта айналымға қосылады деп күтілуде.

Алдыңғы жаңалық

18 мамыр - Халықаралық музейлер күні

Келесі жаңалық

МЕЙІРХАН – КІТАПТАР ӘЛЕМІНІҢ КЕЙІПКЕРІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі