el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Тастұмсықта мағыналы да мәнді семинар өтті

21 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Тастұмсықта мағыналы да мәнді семинар өтті
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тастұмсық ауылдық округінде аудандық әжелер алқасының төрайымы Гүлбибі Ешенқұлова және “Ұмай ана” әжелер тобының ұйымдастыруымен “Отбасылық құндылықтар — тәрбиенің қайнар көзі” атты семинар болып өтті. Тағылымды кездесудің мақсаты: ананың ақ сүтімен, әже өнегісімен, ата ақылымен даритын өзінің ұлттық қасиетімізді, ата-бабамыздан ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бізге жеткен мұрасымен, халқымыздың тәлім-тәрбиесін жастардың бойында қалыптастыру. Халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді, ар тазалығын жоғары ұстайтын сабырлы, төзімді, тәрбиелі, ибалы, иманды қыз тәрбиелеу.

Семинарға Қоғамдық келісім КММ-нің Түлкібас аудандық филиал маманы, Түлкібас ауданы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы және мүшелері, әжелер мүшелері, білім беру мекемелеріндегі аралас мектептерден келген этнос жастары қатысты. Семинар «Ұмай әже» әжелер алқасының жұмысымен таныстырудан басталды. Іс-шараға мектеп директоры Ердәулет Лесбекұлы, аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев, Тастұмсық ауылдық округінің әкімі Қайрат Сәрсенбаев ардагерлер кеңесінің тқрағасы Бауыржан Мақұлбеков сондай-ақ басқа ауылдық округтердің әжелер алқасының төрайымдары қатысты. М.Лермонтов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары «Өзге елде ұлтан болғанша- өз еліңде сұлтан бол» атты көріністі шынайы көрсетті. Келесі көріністі Қабанбай ШЖНОМ-ның «Әкеңе не жасасаң, алдыңа сол келер» көрінісі толықтырды. «Ұмай әже» әжелер алқасын ұйымдастырумен «Тәрбие тал бесіктен» атты тамаша көрінісі қойылды. Осы көріністер көпшілікке терең ой, мәнді түсінік қалдырғаны сөзсіз.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері жасөспірім балалардың, жастардың ой — санасын қалыптастыруға тигізер әсері мол. Бүгінгі жастар кимешек тағынып, бүрмелі көйлек киген әжелерімізден үлгі алып, бой түзері анық. Ұлттық тәрбиенің бүгінгі жастарға өте қажеттігін осы іс-шараға қатысқандар терең түсініп тарқасты. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: «Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені, бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын…» деген екен. Ұрпағымыз осындай көзі көр болмауы үшін, көпті көрген ата-әженің өнегелі тәрбиесінің мәні зор.

Алдыңғы жаңалық

ҰЛТТЫҢ ЖАҢА САПАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҢЫЗДЫ

Келесі жаңалық

РУХЫ МЫҚТЫ ӘКЕЛЕР – ҰЛТ БОЛАШАҒЫН МӘПЕЛЕР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі