Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде қазақ мәдениет, әдет-ғұрпымыздың еленбей қалған тұстарын ашып көрсету, халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие жақсы дәстүрімізді, ар тазалығын жоғары ұстайтын сабырлы, төзімді, тәрбиелі, ибалы, иманды қыз тәрбиелеу мақсатында аудандық әжелер алқасының ұйымдастыруымен «Әже, ана, мен» тақырыбында аудандық байқау өтті. Дәстүр сабақтастығына арналған шара барысында ақ жаулық, алтын құрсақты аналар бүгінгі әжелер ұлттық салт –дәстүр мен әдет –ғұрыптар бойынша білімдерін ортаға салып, өзара сайысқа түсті.
Мерекелік сайыс керемет өтуде. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері- біздің өміріміздің бір бөлшегі десем, артық айтпаған болар едім. Құда түсу, келіннің бетін ашу, шілдехана, тұсаукесер рәсімдерін бүгінгі өмірде сол қалпынан айнытпай қолдану, жас ұрпаққа үйрету- біздің міндетіміз,-дейді сайысқа қатысушы Алтынша Жаулыбаева.
Байқауға ауылдық округтерден үміткерлер қатысып, «Әже, ана, мен» тақырыбында сахналық көріністе жанұядағы әже мен немере, ана мен қызы арасындағы қарым-қатынас қойылым көрсетті. Сондай-ақ өз қолдарынан жасаған бұйымдарынан көрме көрсетіп көпшілікті тәнті етті. Келесі салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауапта мүдірмей өтіп, соңғы сайыста өнерлерін паш етті. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Жабағылы ауылдық округі, 1 орынды Майтөбе ауылдық округі, 2 орын Жаскешу ауылдық округі, 3 орын Балықты ауылдық округі мен Састөбе кенті иеленді. Байқауға қатысқан барлық үміткерлерімізге аудандық мәдениет үйінің марапаттары тапсырылды. Аудандық аталмыш өте тартымды, тәрбиелік мәні зор, ұлттық құндылықтарға толы іс-шара болды