Түркістан облысының білім басқармасы Түлкібас ауданы білім бөлімінің “Балалар өнер мектебі” Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Есімбеков Балтабай Есімбекұлының “Туған өлкем-құт мекен” атты кітабының тұсау кесу іс-шарасы өтті. Жиын барысында Балтабай Есімбекұлымен сұхбат жүргізіп, қысқаша өмірбаяны жайлы айтылып, біраз ақпарат алдық. Сондай-ақ Балтабай Есімбекұлы жазған кітабынан біршама өлең шумақтарын оқып, рухани, тәрбиелік мән-мағынасы бар тағылымды кеш жақсы әсер сыйлады.
Балтабай Есімбекұлының жазған шығармаларында балалықтың балғын кезеңдері, сезім мен сенім, достық пен қарым-қатынастар, тілге деген құрмет, туған өлкеге, туып өскен ауылына, табиғаты қорғау, өмір мен қазіргі тіршілік т.б. мәселелерді көкірек көзінен өткізген сәттері мол да шынайы суреттелген. Ақынмен кездесу кеші ары қарай концерттік бағдарламамен жалғасты. Жас өнерпаздарымыз көрерменге керемет көңіл күй сыйлап, қуанышқа бөледі. Мектеп директоры Ертаева Анар Ертайқызы халқына сыйлы ақын Балтабай Есімбекұлына ең жоғары құрметі ретінде иығына шапан жауып, сый-сияпат жасады.