el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КІТАП — сарқылмас қазына

21 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
КІТАП — сарқылмас қазына
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Кісілікті іздеген адам қолына кітап алады, кітап ұстаған адам — тағдыр жолында бақ құшады» деген қара сөздің алыбы Шыңғыс Айтматов. Осы ойды негізге алып, 23 сәуір — дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай бүгін Олег Кошевой атындағы жалпы білім беретін білім мекемесінің кітапханасында Тастұмсық ауылдық кітапханасы, Олег Кошевой шағын жалпы білім беретін білім мекемесі, Түлкібас аудандық жастар ресурстық орталығы, Түлкібас аудандық қоғамдық келісім ММК бірлесіп, «Кітап — сарқылмас қазына» атты интелектуалды ойын сағаты ұйымдастырылды. Интелектуалды ойын сағатына М.Лермонтов атындағы жалпы білім беретін білім мекемесінің 10 сынып оқушыларынан құрылған «Заңғар» тобы кітапханашы Маргүл Бекетбаеваның жетекшілігімен қатысса, Олег Кошевой шағын жинақты жалпы білім беретін білім мекемесінің 10-11 сынып оқушыларынан құрылған «Қыран» тобы кітапханашы Тамаша Османованың жетекшілігімен бақ сынады. Ойын 4 кезеңнен тұрды. 1 бөлім — «Мен оқыған кітап». Сайын Мұратбековтың «Жабайы Алма» кітабы бойынша сұрақтар,екінші бөлім — «Тіліннен бал тамған шешенмін» тұрақты тіркестерді табу, үшінші бөлім — «Кітап және әлем» кітапқа қатысты қызықты деректерден құралған сауалдар, төртінші бөлім — «Сыр- сандықтағы бір сұрақ». Осы төрт бөлімде барлығы 107 сұрақ оқырмандарға қойылды. Әділқазылар алқасы жасақталып, әділ бағалары берілді. Ойында екі топ теңдей бағаға ие болды. Атаулы күнге байланысты кітапханашылар «Кітап — сана дамытушы құрал», «Авторлық құқықтың негізгі мәні мен шығармашылықтағы маңызы» атты қысқаша өз баяндамаларымен таныстырып өтті.
«Кітап -ұлы құндылықтар бастауы» атты кітап көрмесі жасақталып, оқырман назарына ұсынылды.

Алдыңғы жаңалық

Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру

Келесі жаңалық

ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі