el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру

21 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Бастауыш мектепте құндылыққа  бағдарланған тәсілді жүзеге асыру
0
SHARES
69
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру» тақырыбында Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, «Түркібасы» жалпы білім беретін мектеп базасында аудан мектебінен 30 бастауыш сынып мұғалімдері біліктілігін арттыру курсынан өтті. Екі жұмалық курста бастауыш сынып мұғалімдері, білім қоржынына «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» алғашқы рет жүзеге асыруға негiзделген жаңа бағытта жаңа мәліметтер жинақтады.
Курс барысында бастауыш сынып мұғалімдері бағдарлама бойынша мынадай идеяларды іске асыруға ықпал етеді:«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Жолдауында: «Біз халқымызды біріктіретін ортақ құндылықтарды, идеяларды дәйекті түрде ілгерілетуіміз керек. Олар барлық азаматтардың санасында берік болуға тиіс. Қоғамымызда шоғырландырушы құндылықтар неғұрлым көп болса, біздің бірлігіміз соғұрлым нығая түседі» деген идеяларды; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында «мектеп климатында, мәдениетінде, мінез-құлқында және барлық қызметкерлерге қатысты көрініс табатын білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі» ретінде оқыту мен тәрбиелеуге құндылыққа бағдарланған тәсілдерін үйренді.
Курс ұйымдастырып отырған, «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» Акционерлік Қоғамының Филиалы «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтына алғысымызды білдіреміз. Курстағы тренеріміз, әрі ұстазымыз — Мыңбаева Ақбота Қамзабекқызы слайд арқылы практикалық — тәжірибелік сабақтар барысында өз тәжірибелерімен бөлісті және күнтiзбелiк-тақырыптық жоспарды, қысқа мерзiмдi жоспарды құрyда сабақ тақырыбына байланысты оқытyда қолданатын тиімді әдiс-тәсiлдердi үйреттi. Әріптестер болса, демо- сабақ, практикалық-тәжірибелік сабақтар барысында өз тәжірибелерімен бөлісті. Апта басында диагностикалық тест және соңында тыңдаушылар білім беру бағдарламасының ерекшеліктерін, пәндегі белсенді оқудың әдіс-тәсілдері мен дағдыларын қарастырып, қорытынды тест тапсырады, курстан мол мәлімет алғанымызды айтқым келеді. Институт ұжымына, ұстазымызға, тренерімізге алғысымыз шексіз.

Алдыңғы жаңалық

Жаңа білім беру жүйесі қалыптасады

Келесі жаңалық

КІТАП - сарқылмас қазына

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі