el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

28 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары және мердігер компаниялардың жауапты мамандары қатысты. Ауданның экономикалық және әлеуметтік жағдайы сарапталатын жиында негізгі 3 мәселе қаралды. Бюджеттің игерілуі және индикаторлық көрсеткіштердің орындалу бағытындағы мәселелер төңірегінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қ.Егембердиев баяндама жасады. Бөлім басшысының баяндамасын тыңдаған аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы атқарылған жұмыстарды сараптай келе, бөлім басшысына алдағы жиында тек сандық көрсеткіштерді емес нақты жұмыстардың орындалмауының себебін сараптап айтуды тапсырды. Сонымен қатар, өңір басшысы межені толық орындай алмай келе жатқан бөлімдердің жұмысын сынға алып, аз уақыт ішінде жоспарды толық орындауды тапсырды. Екінші мәселе “Ауыл- Аманаты” бағдарламасының орындалуы және су үнемдеу технологиясын өндіру туралы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Еркебаев баяндама оқыды. Жоба бойынша жұмысты нақтылап сұраған аудан әкімі келесі жиында аталған дүниелерді пысықтап келуді тапсырды.
Ал күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысының м.а А. Қоқыров баяндама жасады. Баяндамада шомылу маусымы кезіндегі сақтық шаралары және өрт қауіпсіздігі төңірегіндегі түрлі мәселелер қаралды. Шомылуға тыйым салынған аймақтарды шолып өтіп, азаматтарға ескерту жұмыстарын ауыл әкімдері тарапынан күшейтуді өтінді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы жұмыстарды пысықтап, алдағы жиында тиісті мекеме басшыларының жиынға шақыртылуын және оқылатын баяндамада мәселелер толық қаралып, зерделенуін тапсырды. Аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары және округ әкімдері бірлесе жұмыс жасап, межеленген көрсеткіштерді орындауды талап етті.

Алдыңғы жаңалық

30 минут жүгіру немесе 10 000 қадам жүру: Зерттеушілер салмақ тастаудың тиімді жолын ұсынды

Келесі жаңалық

АУЫЛДЫҢ АЛТЫ АУЫЗЫН ДӘРІПТЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі