1981 жылдың шілде айының соңғы 10 күндігі. Техникум директоры Алғабаев Әсілбек Лебайұлы жазғы демалысқа Кавказға кеткен. Мені директордың міндетін атқарушы етіп тағайындап кеткен болатын. Студенттер жазғы демалыста, ал жоғарғы курстың студенттері өндірістік практикада, мамандықтар бойынша. Түлкібас ауданының 1-ші хатшысы Ефименко Федор Тихонович маған телефон соғып, облыстық партия комитетінің бюросына барасың, техникумның жаңа корпусының құрылысының қалай жүріп жатқаны жөнінде өте тиянақты дайындалу керектігін ескертті. Шымкент облысының барлық аудандардың басшылары қатысады, күн тәртібінде құрылыс жұмыстарының барысы деді. Асқаров Асанбай өте талапкер, ұят болып қалмасын деп әбден ескертті. Сағат 11 кезі. Обкомның кіші мәжіліс залы. Өмірімде 1-рет обкомның бюросына қатысуым. Түлкібас ауданынан 1-ші хатшысы Ефименко Ф.Т. 3-ші хатшысы Қалғынбаев С.Ш және мен үшеуміз. Федор Тихонович ең соңғы қатарға бет алып, артынан Сәкімбек аға мен олардың соңынан барып жайғастық, біздің қатарға Сайрам ауданының 1-ші және 3-ші хатшысы келіп жайғасты. Мақтарал, Жетісай, Киров, Сарыағаш, Келес, Түркістан, Бөген аудандарының хатшылары алдынғы қатардан орын алып, кейінгі ортадағы қатарға Созақ, Қызыл-құм, Бәйдібек, (Алғабас бұрынғы). Ленгір Ленин ауданының басшылары жайғасты, соңғы 3-ші қатарда Түлкібас пен Сайрам ауданының басшылары. Ол кезде Шымкент облыстық атқару комитетінің төрағасы Жандосов Санжар. Жандосов орта бойлы сұлуша келген кісі екен, өте мәдениетті. Ол кісі бірнеше рет бізді түгелдеп, орнымыздан тұрғызып танысып өте кішіпейіл парасатты кісі екен, әр сөзінен байқалып тұр. Бір уақытта облыстық партия бюросының мүшелері Давыдов Н.Г. обкомның екінші хатшысы, Сыпатаев құрылыс саласы бойынша обкомның хатшысы, Мостовой П ұйымдастыру бөлімінің басшысы, тағы да басқа облыстық атқару комитетінің төрағасының орынбасары Бопова Т.Д, Шаромко К.И келіп жайғасты. Бір кезде Асқаров Асанбай кабинетінен тура шығатын есіктен Жандосов. С. екеуі кіріп, Асқаров. А. төрден жайғасып отырды, Жандосов.С. бюро мүшелері отырған қатарға 1-ші болып отырды. Асқаров Асанбай жылы жүзбен барлығымызбен амандасып, күн тәртібіндегі мәселеге көшті. Біздің аудан мен Сайрам ауданының басшылары соңына барып отырғанының себебі бар екен. Түлкібас ауданы ауыл шаруашылығы және өнеркәсіпсаласы барлығы 18- көрсеткіш бойынша есеп береді екен, Сайрам ауданы бізден де көп 20 көрсеткіш бойынша, ал алдыңғы қатарда отырған Мақтарал, Жетісай Киров аудандары бары жоғы 3-ші көрсеткіш, негізінен мақта шаруашылығы, аз ғана егіс пен мал шаруашылығы, сондықтан алдыңғы қатарда шіреніп отырғаны солай екен. Біздің Түлкібас, Сайрам Ленгір аудандарында, көкеністің, жеміс- жидектің бірнеше түрлері ет, май, сүт, жүн, тері, жібек құртқа дейін өсіреді, қосымша құс фабрикасы, мелкомбинат, завод фабрикалар т. б. Обкомның бірінші хатшысы А.Асқаров, өзі сөз алып бюродағы қойылған қаралатын мәселелерге тоқталып, маңыздылығын атап өтіп қаладағы үлкен құрылыс орындарының жұмыс жоспарының орындалуына тоқталып, орталық партия комитетінің облысты қалай тапсырмалардың орындалуы туралы қысқаша мәлімдеме жасалды және жоспар орындалмай жатқан салаларға тоқталып, обкомның сала бойынша хатшыларды орнынан тұрғызып, әсіресе ұйымдастыру бөлімінің басшысы Мостовойға П. қатты шүйлікті. Жұмыстың барлығына орындалуы кадрға байланысты, кадрға жолдас Мостовой сен жауаптысың өйткені, сен олардың барлық қабілеттілігін, біліктілігің ұйымдастырушылық мүмкіндіктеріне жауаптысың деп бірнеше мәрте орнынан тұрғызды Сыпатаевқа да қатты шүйлігіп бақылау жұмыстары дұрыс жүргізілмейтінін қатты ескертті. Сонан соң аудан басшыларына көшіп жеке-жеке құрылыс жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын анықтап, қандай қиындықтар туып тұрғандарын, материал жағынан не кемшіліктер барын анықтады. Мен бұрын соңды обкомның бюросында болған емеспін, бірінші рет қатысып отырғандықтан өзім қатты қобалжып не болар екен-деп бойымды қорқыныш билеп тұрды. Абырой болғанда біздің техникумның бас корпусы жаңадан басталып жатқан, негізінен ірге тасы (фундамент) аяқталып қабырғасын енді көтеруді бастап жатқан болатын. Жоспар бойынша өз мезгіліне сәйкес келетін. Біздің ауданнан тек Ефименко Федор Тихоновичті орнынан тұрғызып, жоспар орындалмай жатқан обьектілерден себеп, салдарын мұқият сұрап, біразырақ терлетіп алды. Шілде айы емес пе біржағынан күннің ыстығы, екіншіден Асқаровтың мысы басып, кісілік келбеті, қайсарлығы мен табандылығы не деген – адамға осындай адами қасиеттерді, біліктілігі мен білімділігін Алла Тағала бір адамның бойына бере салған. Менің Асқаровтың бойынан тағы байқағаным көрегенділік қасиеті, дарыны мен қаблеттілігін әсіресе болашақты болжап қабылдаған шешімдерінің ауқымдылығы мен тереңділігі келешекті болжап қабылдаған шешімдерінің өзектілігі келешекті болжай отырып оны іске асыруы ерлікке пара-пар көрінді. Негізінде мен Асанбай Асқарұлымен 12 жасымда өзімнің туған ауылым Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Крупская атындағы ауылда 1960 жылдары болу керек бала кезімде алғаш рет кездескенім бар. Ол кезде менің немере ағайыным Тайшапов Бейсенбек ұжымшардың бастығы бізбен бір аулада тұратынбыз. Біздің аудандағы шаруашылықтарды аралап, оның үстіне Тайшапов Б. ағам Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Ол кезде тамақ ішетін столовой болмайтын, келген меймандар тек үйден тамақтанатын. Сол кез әлі күнге дейін естен кетпейді, менің Асанбай Асқаров ағаның қолына су құйғаным, ол кезде ол кісі жап- жас кезі болатын, сүйкімді өзінен шуақ шашып тұрғандай, көзінен жақсылықтың нұры жарқырағандай болып тұрғаны менің өмір бойы есімнен кетпейді. Жасы бар жоғы отыздың сегізі. Бала кезім кісілер кеткеннен кейін облыс бастығының қандай тамақ ішетіні қызықты көрініп, кісілер кеткеннен соң, жүгіріп үйге қонақтар бөлмесіне кірдік. Дастарханда ет тамақтың ыдыстары, ол кезде конфет, салат дегендер болмайтын, тек бауырсақ нан мен қолдан пісірген табанша нан, жеміс тағамдарда жоқ, тек сом-сом пісірілген ет, еттің үлкен сүйектері. Екінші кездесуім 1978 жылы 6-маусым күні Түлкібас ауданының әкімшілігінің мәжіліс залы. Ол кезде Түлкібас ауданның 1-ші хатшысы Котенко Иван Иванович, екінші хатшы Ахымбеков Рүстем, үшінші хатшы Нұрабаев Б, аудандық атқару комитетінің төрағасы Байсалбаев Ертұрған, орынбасарлары Назаркин Александр Сергеевич, Сейдалиев О. Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Попов Николай Сергеевич. Асанбай Асқаровты облыстық атқару комитетінің төрағасы Шәймерденов Жамалбек ертіп келіп мәжіліс залының президиумына Котенко И.И. үшеуі жайғасты. Мәжіліс залында аудандық партия комитетінің хатшылары, аудандық атқару комитетінің төрағасы және орынбасарлары, кәсіподақ комитетінің төрағасы Афанасьев, білім бөлімінің басшысы Абиров Мүслім және аудандағы, колхоз, совхоз мекеме басшылары және партия ұйымдарының хатшылары, техникумнан Әмірбеков Құрманбек және партия ұйымының хатшысы Проскурин Николай қатыстық. Бірінші қатар бос тұрды. Барлығымыз екінші қатардан бастап орындарға жайғастық. Зал тым-тырыс, шыбынның ғана ызыңдаған дыбысы естіледі. Бірінші болып сөзді Котенко И.И. бастады. Аудандағы ауыл шаруашылық саласына жалпылама тоқталды. Менің көзім тек Асқаровтың отырысы әсіресе депутаттық значок төс белгісінен Одақтық Жоғарғы Кеңестің қып-қызыл жалаудың белгісі көздің жауын алып тұр, Ал Шәймерденовтікі Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінікі, төс белгісі сәл Одақтыкінен кішілеу. Асқаров Асанбай көзілдірігін столдың үстіне қағаздың қасына қойып қойды. Шәймерденов тек Асқаровтың қыймылын аңдып отырғандай біресе Асқаровтың көзілдірігі керек болғанда алдында дайындап қояды, біресе алдындағы қағазын туралайды. А.Асқаров Котенко И. И баяндамасын мұқият тыңдап, егін шаруашылығын айтқан кезде сұрақтар қойып қатты састырды, бет әлпеті өзгеріп, құлағы қып- қызыл, мұрынының ұшы қызарып, беті алаулап, мал шаруашылық саласына ауысып кетеді, онда да сұрақтарды жаудырып қатты састырды. Аудан басшысының аудан қызметкерлерінің алдындағы қатты қиналып сасқаны біз үшін өте ыңғайсыз жағдай болды. Асқаровтың сұрақтарынан Котенконның ойы шашырап, әр нәрсенің басын шалып, сөзінен мән кете бастады. Баяндамасын бітіргеннен кейн Котенко И. И ауыл шаруашылығының басшыларына өзі сөзді беріп отырды. Бірінші болып сөзді Түлкібас совхозының директоры Н.Тохымбаевқа берді. А.Асқаров ауданға танысуға келе жатқанда бірінші Түлкібас совхозын аралап келген екен бидай орағы жақындап қалған кез 6-маусым. Нүрекең шашын тықырлап алған екен, қағаздарын шығарып алғаны сол еді бірден Асанбай аға мынандай сұрақ берді, директор совхоз деген үлкен лауазым оның құзыры өте жоғары ол өздігінен, билігі үлкен, барлық мәселесін өзі ғана шешіп өзі ғана шешім қабылдайды, керек десеңіз мұндай шешімді министір де шеше алмайды, олар ақылдасып барып орынбасарларымен шешеді деді. Жалпы егіс көлемінің қаншасы бидай, қаншасы арпа, совхозда неше комбайн бар деп сұрақтың астына алды. 10 комбайн, 1500 га егістік бар екенін айтып еді, сен орақты 10 күнде бітіруің керек, сонда шашпай төкпей жинап аласың деді, өзі дереу есептеп, сен орықты бір айда бітіреді екенсің 20-40% астық шашылып ысырап болады. Астық оруға дайындығың жоқ, деп ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Попов Николай Сергеевичке, Котенко И.И. қатты шүйілді. Әшейінде жиналыс сайын сөз бермей сөйлейтін ауданымыздың ораторы Попов Н.С. сөз таба алмай әбден састы. Одан кейінгі сөзді «Красная звезда» колхозының бастығы Мұратбеков Ағабекке берді. Колхоздың тау бөктеріндегі егістігін аралап келген облыс басшысы, осы күнге дейін Лениннің 51-52 том дағы айтылған өтініштерді тау тастарын, кустарник терді, тазаламай егістік еккенін, оның егістік жинауға кесірін тигізетінін қатты сынады. Таң қалғаным, облыс басшысының білімділігіне, біліктілігіне, көрегендігіне, жылдам есепке жүйріктігіне, нағыз экономика ғылымының майталманы екенін байқадым. Тағы бір ситуатция есімнен кетпейді. Быткомбинаттың бастығы Мақұлбеков деген кісі еді. Асқаров Асанбай Мақұлбековтің орнынан трибунаға келгенше мұқият бақылап отырып, осы «Победа» колхозында қанша бөлімше бар? Сол бөлімшелерде қандай тұрмыстық қызметтер көрсетіледі деді? Сасқанынан не айтарын білмей бөлімшелердің аттарын айта алмады. Тағы сұрақ қойды. Сен осы қызметте қанша уақыт басшы болып істедің деп? Қатты сасып, 12 жыл деді. Меніңше сен 12 -ақ күн жұмыс істеген секілдісің, сөйтіп тұрмыстық қызметтің өте нашар екенін айтып өтті. Бұл жиналыстың бір ғана білім бөлімінің басшысы Абиров Мүслім ағай суда жүзген балықтай керемет баяндама жасады, Асекең оның бір де сөзін бөлмей шын ризашылығын білдірді. Білім бөлімі соңғы 10 жылда 3-рет ауыспалы Қызыл тудың жеңімпазы болғанын, енді ары қарай да Қызыл туды ешкімге бермей осы дәрежеде ұстайтынын жеткізді. Жиналыс қорытындысында Асқаров Асанбай өзі сөйледі. Ол кісі болашақта Шымкентте үлкен зауыттар ашылатынын, мұнай өңдеу заводының Шинный заводы ашылатынын мәлімдеді. Бұл заводта кем дегенде әр заводта 35-40 мыңнан 70 мың жұмыс орны ашылатынын, әр жұмысшының жанұясында 3 адамнан болғаннын өзінде 220-230 мың тұрғын қосылатынын, ескертті. Шымкент қаласының құрылысын дамыту керектігін, жаңа заманауи тұрғын үйлер, демалыс орындарын ашу, халыққа жағдайын жасап әл ауқатын көтеру мәселесіне қатты мән беріп, жағдайды мейлінше жақсартуды ұсынды. Ал, біздің Түлкібас ауданына ауыл шаруашылық өнімдерін одан ары дамыту, болашақ құс етпен қамтамасыз ету мақсатында үлкен өндірістік құс фабрикасын салу, астық өнімдерін өңдейтін үлкен мелкомбинат, суткасына 1 мың тонна ұн шығаратын, 700 тонна комбикорым өндірістің өндіріс орны Түлкібаста болатынын, болашақта үлкен жұмыс орындары ашылатынына тоқталды. Енді кезекте Түлкібас ауданы картоп шаруашылығымен шұғыл түрде айналысу керектігін айтып өтті.