el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕЙТІН КЕШ ӨТТІ

27 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕЙТІН КЕШ ӨТТІ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Отбасы – қазақы ортадағы қасиетті ұғым. Себебі, ол – ізгілік тәрбиесінің қайнар көзі, мейірім-махаббат бастауы, саналы тұлға қалыптасуына негіз болар басты іргетасы және бал дәурен балғын шақтың жылы естеліктеріне толы ыстық ұя. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен өсіп-дамуында, өмірде өз орнын тауып, аяғын нық басуында, икемі келер кәсіпті игеріп, табысқа қол жеткізуінде отбасында берген тәлім-тәрбиенің ықпалы өте зор. Осы мақсатта Кемербастау округі Күмісбастау елді мекеніндегі Шерхан Мұртаза шағын жинақты мектеп — гимназиясында аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Гүлбибі Ешенқұлованың бастамасымен «Отбасылық құндылықтар-тәрбиенің қайнар көзі» атты әжелер мен тәрбие ісі жетекшілері біріге отырып кеңейтілген семинар өткізді.
Мақсаты: адами құндылықтарды қалыптастыра отырып, намысты тау тұлғалы айбарлы жігіттер дайындап, бұрымды қыздарымызды әдепі, мәдениетті, ибалы инабатты етіп тәрбиелеу. Бағдарлама бойынша мектеп алдында этно ауыл ұйымдастырылып үш сабақ және Гүлбибі Ешенқұлованың «Өмір өзен» кітабы бойынша конференция сабақ және қыз тәрбиесі жөніндегі сахналық қойылым қойылды. Іштегі сабақтан соң мектеп ауласында «Тоғызқұмалақ», «Арқан тартыс», «Қол күрес», «Күрес», «Алтыбақан», «Аударыспақ», «Теңге алу», «Садақ ату» сияқты ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
Жиынға аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бөрібай Қыдыралиев, Майлыкент ауылдық огругі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуанышбеков Оңғарбек, мектеп директоры Көпжан Тесікбайұлы, сондай-ақ тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Злиха Батырқызы қатысты. Бұл іс шараның ұйымдастыруына мұрындық болған Кемербастау окргінің әжесі Сейсекүл Әбдіхалыққызының да еңбегі орасан. Семинар өте жоғары деңгейде өтті. Келген қонақтар риза болып мектеп әкімшілігі мен ұйымдастырушыларға ризалығын білдірді.

Алдыңғы жаңалық

«МАРХАБАТ ОҚУЛАРЫ» МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Келесі жаңалық

Шымкент облыстық партия комитеті бюросындағы кездесу

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі